Фото: Александр Жабчук
Инвестициялық жобаның құны 300 миллион долларға бағаланған. Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, қазір жобаны жүзеге асыратын инвестор анықталып, келісімге қол қою үшін құжаттар әзірленіп жатыр.
«Жоба «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Жаңа теңіз порты іске қосылғанда жүктерді жеткізу мерзімі 7-15 күнге қысқарады. Көлік шығындары 18-25% төмендеп, жаңа жұмыс орындары құрылады», деді Маңғыстау облысының әкімі.