Фото: ашық дереккөз
Kurs.kz деректеріне сәйкес, валюта айырбастау пункттерінде доллар 504,3-506,8 теңгеден, еуро 586,9-592,9 теңгеден, рубль 6,51-6,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.
5 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсім көрсетті:
-
Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерсі 0,03% өсіп, барреліне 63,28 доллар болды.
-
WTI маркалы мұнайдың қаңтар айына жеткізілімдік бағасы 0,05% қымбаттап, барреліне 59,69 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 499,65 теңге, еуроны 582,89 теңге, ал рубльді 6,47 теңге деңгейінде бекіткен.