ат
Жастар • 23 Қыркүйек, 2025
Атырауда креативті жастардың үшінші форумы өтіп жатыр
Биыл «Saraishyq Upgrade – 2025» халықаралық жастар форумына еліміздің барлық өңірі мен Ресейден, Қырғызстаннан, Әзербайжан мен Өзбекстан елінен 300-ден астам жас қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда жүк тасымалының көлемі сегіз айда 9,8% өсті
2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасында жүк тасымалының көлемі 753 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% артты. Барлық көлік түрі арқылы жүк пен багаж тасымалдаудан түскен кіріс 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Атырауда мас күйде көлік жүргізген 12 жүргізуші 20 күнге қамалды
Патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мас күйде көлік рульіне отырған 12 жүргізушіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Атырау облысының Жылыой ауданында ірі қара өліп жатыр
Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, малдың неден қырылғаны әзірге белгісіз, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Қыркүйек, 2025
Табиғатты аялауға шақырған көрме ашылды
Мемлекеттік орталық музейде суретші ABTU ANET-тің «Менің үйім» деп аталған жеке көрмесі ашылды. Экспозиция табиғатты қорғау идеясын арқау еткен, пейзаж арқылы экологиялық үндеуге айналған кескіндемелік шығармалардан тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент АҚШ-пен қарым-қатынасты нығайтуды сыртқы саясаттың маңызды бағыты деп атады
Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту еліміздің сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі. Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды
Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Латниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Горды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді
Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарының іскер топтары өкілдерімен кездесуі Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдаумен жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті
Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар жүрек ауруының алдын алатын платформа жасады
Отандық зерттеушілер жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары әзірлеген «Zhurek AI» платформасы дерттің қауіптілігін ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қыркүйек, 2025
Алматыға АҚШ-тан жеткен есірткі тәркіленді
Елімізде есірткіге есі кеткендер азаймай тұр. Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2025
Алматыда туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Алматыда жеңіл көлік пен туристік автобус соқтығысып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 22 Қыркүйек, 2025
Алматының туған күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келді
Биыл Алматыда Қала күні ерекше салтанатпен тойланды. Түрлі іс-шаралар мен мерекелік көңіл күйге қоса, шыр етіп дүниеге келген сәбилермен шаһар тұрғындарының саны көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы жолдаған сұрау салу нәтижесінде Ресей Федерациясы аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 21 Қыркүйек, 2025
Қала күніне орай өткен Almaty Cover Show атты ауқымды шоуға 50 мыңнан астам көрермен жиналды
Алматы мерекесі айрықша музыкалық оқиғамен өрнектелді. Almaty Cover Show атты ауқымды шоуға 50 мыңнан астам көрермен жиналды. Шаһар тұрғындары мен қонақтары 90-2000 жылдардағы алтын хиттердің кавер нұсқасын тыңдап, қазіргі таңда хит-парадтарды бағындырып жүрген заманауи тректерді тамашалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2025
Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындарда алаңсыз қыдырып жүрген халық дүрліге далаға қашты. Дегенмен Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінген жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы кітап жәрмеңкесіне 30 мың адам қатысты
Алматының Арбат алаңында дәстүрлі KitapFest 2025 фестивалі өтіп жатыр. Оқырман олжасына айналған жобаға алғашқы күннің өзінде 30 мыңнан астам адам келіп, 10 мың кітап сатылған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 21 Қыркүйек, 2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды Қала күнімен құттықтады
Қала күнін қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өту алматылықтар үшін дәстүрлі шара, деп хабарлайды Egemen.kz.
Су спорты • 21 Қыркүйек, 2025
Алматыда Қазақстан-Германия Nexus институты құрылады
Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) базасында «Nexus» институтын құру туралы келісімге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Қыркүйек, 2025
Заңсыз активтерді қайтару: 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2025
Алматыда жаңа теннис орталығы бой көтерді
Алматының Алатау ауданында халықаралық стандарттарға сай заманауи теннис орталығы бой көтерді. Кешен ITF және ATF деңгейіндегі республикалық және халықаралық турнир өткізуге қауқарлы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қыркүйек, 2025
Алматыда «Ән қанатындағы Алматы» және «QAZAQSHA терапия» концерттері өтті
Алматының Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қала күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей керемет концерт ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Қыркүйек, 2025
Құлсарыда екі жасөспірімге тиіскен ер адам қамауға алынды
Атырау облысының Құлсары қаласында ер адам екі жасөспірімге тиісті деген күдікпен ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 20 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2025
Қала күні аясында алғашқы республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр
Еліміздің түкпір-түкпірінен 9-10-сынып оқушылары арасында тұңғыш рет республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр. Бұл ауқымды іс-шара халықаралық WorldSkills чемпионатының стандарттарына сай ұйымдастырылып, жасөспірімдерге талантын көрсетуге әрі болашақта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2025
Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде
Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.
Алматы • 19 Қыркүйек, 2025
Нөсер сайын Алматыны неге су басады?
Бүгін Алматы әкімі қаладағы су басу қаупі жоғары аумақтарды тексеріп, жұмыс мерзімі мен сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.