Оқиға • Кеше

Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген

Фото: yandex.kz

Айта кетелік, Түркістан сілеусіні – қорғауға алынған жыртқыш сүтқоректі. Алынған бейнематериалдар аталған түрдің табиғи мекендеу ортасында тұрақты кездесетінін көрсетіп отыр.

«Ұлттық парк аумағында сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін бақылау жұмыстары заманауи әдістерді, соның ішінде фототұзақтар мен бейнетіркеу құралдарын пайдалану арқылы тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр», делінген хабарламада.

Жиналған деректер ғылыми-зерттеу жұмыстарына және биологиялық алуан түрлілікті сақтау шараларын жоспарлауға қолданылады.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше