Оның сөзінше, қала әкімдігінің басты міндеті – алматылықтардың тұрмыс сапасын жақсарту.
«2025 жылы қалада 92 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 87 пайызы – тұрақты жұмыс орындары. Жұмыспен қамтылғандардың 64,7 пайызы шағын және орта бизнес саласына тиесілі, ал 35,3 пайызы әкімдік жүзеге асырып жатқан салалық және инфрақұрылымдық жобалар аясында ашылды», деді қала әкімі.
Сондай-ақ Дархан Сатыбалды Алматы тұрғындарының орташа айлық жалақысы 539 мың теңгені құрағанын хабарлады. Бұл көрсеткіш атаулы түрде 14,5 пайызға өсіп, республика бойынша орташа деңгейден 29 пайызға жоғары. Әкім бұл деректер ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жасалғанын атап өтті.