Аймақтар • Бүгін, 12:55

Атырау облысында сотталған 200 адам жұмыспен қамтылады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының кәсіпкерлері сотталғандарды жұмысқа қабылдауға ниет білдіріп отыр. Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде әрқайсысының жалпы ауданы 880 шаршы метр екі ангар мен 564 шаршы метрлік модульді ғимараттың құрылысы аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында сотталған 200 адам жұмыспен қамтылады

фото: ашық дереккөз

«Прокуратураның үйлестіруімен және жергілікті атқарушы органның қолдауымен өндірістік нысандар жаңартылды. Сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында 8 жеке кәсіпкермен келісім жасалды. Кәсіпкерлер сотталған 200 адамды жұмысқа қабылдайды», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Өндірістік ангарлар электр қуатымен, жылыту, желдету, бейнебақылау, өртке қарсы және күзет дабыл жүйесімен жабдықталған. Ал бір қабатты контейнерлік үлгідегі модульді ғимаратта әкімшілік кабинеттер, кітапхана, монша, шаштараз бар. Нысандарда санитарлық торап пен душ бөлмесі, металл шкафтар мен сөрелер орнатылған.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00