Фото: Оқу-ағарту министрлігі
BRICS-FS-16 / Internet of Things («Интернет заттар») бағыты бойынша өткен халықаралық финалда Қазақстан намысын қорғаған команда жоғары техникалық дайындық пен үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесінде үздіктер қатарына еніп, қола медаль иеленді.
«Бұл жетістік – отандық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының халықаралық стандарттарға сай маман даярлап отырғанының айқын дәлелі», дейді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.
Жүлдегерлер Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері Сүндет Баянов, Ануар Рамазан, команда жетекшісі – Әділбай Жақсылық.