ай
Денсаулық • 24 Тамыз, 2025
Бестеректегі қайғылы жағдай: зардап шеккен қыз санавиациямен Семейге жеткізілді
Абай облысының Бестерек ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен үш баланың бірі аудандық ауруханадан санитарлық авиациямен Семей қаласына жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2025
Актау–Шымкент рейсінде бомба барын айтқан әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған
Ақтау әуежайында резонансты оқиға болды. «Scat» әуе компаниясының Ақтау–Шымкент рейсінің жолаушысы ұшақта жарылғыш зат барын хабарлап, салдарынан шамамен 200 адам шұғыл эвакуацияланды, ал арнайы қызмет өкілдері ұшақты тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2025
Абай облысындағы үш баланың өмірін қиған жол апаты: жүргізуші эпилепсиямен есепте тұрған
Абай облысында үш баланың өмірін қиған жол апатына кінәлі ер адам 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Қостанайда көп функциялы қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін жұмыс істеп келген ескі орталықтың тұрған жері қолайсыз, ғимараты тарлау болатын. Жаңа ХҚКО кең, жаяу немесе көлікпен келушілерге бірдей қолайлы қала орталығындағы екі қабатты ғимаратқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 23 Тамыз, 2025
Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы ұзаққа созылған ауыр дерттен дүние салды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Тамыз, 2025
Түркістанда жас ақындар айтысы өтті
«Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысы еңбек адамдарын насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына және ҚР Мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Әбдікерім Манаптың 70 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 22 Тамыз, 2025
Қостанай облысы жасанды интеллектке басымдық беретін цифрлық трансформация стратегиясын ұсынды
21–22 тамыз күндері Қостанайда Qostanai Investment Forum 2025 өтті. Ол аймақта цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және жоғары технологиялық жобаларға инвестиция тарту мәселелеріне арналған ең ірі өңірлік алаңға айналып, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастық пен IT-индустрияның өкілдерін біріктірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Алматыда Human Capital форумы өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Алматы қаласында өткен халықаралық Human Capital forum-на қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан тауар айналымын ұлғайтады
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Еліміздегі 4 қаланың әуежайы мультимодальды орталықтарға айналады
Авиациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның көлік саясатындағы басымдықтарының бірі. Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарға сәйкес еліміздің жетекші әуежайлары – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе – логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын заманауи мультимодальды орталықтар ретінде дамып келеді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарған
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан Еуразияның жетекші транзиттік хабына айналуға қадам жасалып жатыр. Бұл бағытта Мемлекет басшысы автожолдарды жаңғырту, жаңа көлік дәліздерін салу, логистикалық орталықтарды жақсарту, сондай-ақ көлік үдерістерді оңтайландыру бойынша цифрлық шешімдер енгізуге қатысты негізгі тапсырмалар берді. Бүгінгі таңда Үкіметте еліміздегі экономикалық өсу мен халықаралық көлік желісіне ықпалдасуының негізін құрайтын бірқатар іс-шара қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымына Сәкен Әмрин тағайындалды. 1984 жылы туған ол бұған дейін облыстық көпбейінді аурухананы басқарып келген, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 21 Тамыз, 2025
Республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсына Солтүстік Қазақстан облысының атынан Шал ақын ауданының тұрғындары - Өзбековтар отбасы түсетін болды. Олар байқаудың облыстық деңгейінде бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 21 Тамыз, 2025
JAIDARMAN. MAMANCUP – республикалық арнайы жоба өтеді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандар жылына орай Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және қолдауымен JAIDARMAN. MAMANCUP республикалық арнайы жобасы ұйымдастырылады.
Өнер • 21 Тамыз, 2025
Астаналық әртістер Қытайдағы байқауда жеңімпаз атанды
«Астана Опера» әртістері Қытайдан жеңіспен оралды. Театрдың жетекші солисі Диас Құрманғазы мен жас хореограф, солист Сұлтанбек Ғұмар Ляониндегі (Шэньян) балет әртістерінің бірінші халықаралық байқауында марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Атырауда «Потенциал Ойл» компаниясы 7,2 млн теңге айыппұл төледі
Атырау облыстық экология департаментінің мамандары аталған компания таратынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
Бірнеше айдан бері қоғамда қызу талқыға түскен Берденов пен Жиембайға қатысты іске ақыры нүкте қойылды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев 20 тамызда Ернар Жиембайды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сотта Е.Жиембай үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Тамыз, 2025
Елімізде күнбағыс майының өндірісі 24,9% артты
2025 жылдың алғашқы 7 айында елімізде 365,4 мың тонна күнбағыс майы (тазартылмаған) өндірілген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Тамыз, 2025
48,3 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған
Осы отбасылардағы 259,7 мың адамды қамтитын төлемнің бұл түріне бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі $21,8 млрд-қа жетті
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі 2025 жылдың алғашқы алты айында $21,8 млрд болды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Тамыз, 2025
Аптап ыстық пен дауыл: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық, солтүстігінде нөсер жаңбыр мен дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Ақмола облысында найзағай соққан бала қаза тапты
Ақмола облысында найзағайдың соғуынан бала көз жұмды, тағы бір жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Бензин бе, дизель ме? 2025 жылы автокөліктерге тиімдісі қайсысы?
Көлік сатып аларда жүргізушілердің алдына бензинді ме, әлде дизельді қозғалтқышы бар машинаны таңдаған дұрыс па деген сұрақ жиі шығады. Әр нұсқаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірі дизельдің үнемділігін бағаласа, енді бірі бензин қозғалтқышының тыныштығы мен жайлылығына басымдық береді. 2025 жылы бұл таңдауға жанармай бағасы, экологиялық талаптар мен пайдалану ерекшеліктері айтарлықтай әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 20 Тамыз, 2025
Елдегі жағажай маусымының аяқталуына орай «Үздік жағажай» қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Қостанайда өңір мұғалімдерінің тамыз кеңесі өтті
Қостанайда мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбы аясындағы мәселелер талқыланған кеңесте өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының жұмыс жоспары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Қызылордада қайтарылған активтер есебінен бірнеше нысан салынып жатыр
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен білім, денсаулық сақтау және спорт салаларында жаңа нысандар салу Қызылорда облысында да жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Тамыз, 2025
«BIG Шанхай» өртінен зардап шеккен кәсіпкерлердің несиелері кейінге шегерілді
Астанадағы «BIG Шанхай» сауда үйіндегі өрт көп адамның тұрмысына салмақ салды. 18 шілдеде болған апаттан кейін жүздеген кәсіпкер күнкөріс көзінен айырылып, қазір қарыздың астында қалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға 20 миллиард теңге аударылған
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылған. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыған. Бұл Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Тамыз, 2025
Неміс ақыны Иоганн Гёте әйдік ақын ғана емес, әйбат өсімдіктанушы да болған. Ол «Өсімдік метаморфозасы» атты пәлсапалық өлеңінде тамырдың, өскіннің, жапырақтың жалғыз тұқымнан пайда болғанын мысал етіп, жер бетіндегі барлық болмыстың бір бастаудан жаралғанын жеткізеді. Кішкентай гүлдің құрылымынан табиғаттағы тұтас үйлесім көрінеді деп жырлайды. Бүгінгі кейіпкеріміз де гүлдерді шебер үйлестіріп, көңілдерге қуаныш сыйлайтын жан. Ол – флорист Ержан Балтабай.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанды
Абай облысында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әскери ұшақ жіберілді, деп жазады Egemen.kz.