Ауа райы • Бүгін, 12:19

Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5–7 қазан аралығында еліміздің үш мегаполисінде ауа райы әртүрлі сипатта өтеді: Астана мен Алматыда түнде үсік жүрсе, Шымкент тұрғындарын жылы әрі жайлы күндер күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, елордада күн күрт суытады, әсіресе түнгі уақытта термометр бағаны минус көрсетеді.

  • 5 қазан: түнде –4…–6 °C, күндіз +5…+7 °C, бұлт аралас, жауын-шашын жоқ.
  • 6 қазан: түнде 0…+2 °C, күндіз +8…+10 °C.
  • 7 қазан: түнде +2…+4 °C, күндіз +8…+10 °C.

Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 7–12 м/с шамасында болады.

Алматыда ауа райы салыстырмалы түрде жұмсақ, бірақ түнде аздап үсік жүруі мүмкін.

  • 5 қазан: түнде +4…+6 °C, күндіз +14…+16 °C.
  • 6 қазан: түнде 0…+2 °C, топырақта –2 °C-қа дейін үсік күтіледі, күндіз +11…+13 °C.
  • 7 қазан: түнде +2…+4 °C, күндіз +14…+16 °C.

Аспан ашық, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты оңтүстік-шығыс, 3–8 м/с.

Оңтүстікте күздің алғашқы күндері жылы әрі шуақты болады.

  • 5 қазан: түнде +5…+7 °C, күндіз +19…+21 °C.
  • 6 қазан: түнде +5…+7 °C, күндіз +21…+23 °C.
  • 7 қазан: түнде +5…+7 °C, күндіз +22…+24 °C.

Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, кей жерлерде екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Мамандар азаматтарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты денсаулыққа көңіл бөлуге, жылы киінуге және жолда абай болуға кеңес береді.

Ауа температурасының төмендеуімен қатар, елдің солтүстігі мен шығысында тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.