Аймақтар • Бүгін, 14:58

Павлодарда 12 кәсіпорын алтын мен күмісті заңсыз өндірген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жер қойнауын рұқсат құжаттарынсыз пайдаланып келген кәсіпорындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда 12 кәсіпорын алтын мен күмісті заңсыз өндірген

Фото: istockphoto.com

Мәселен, Баянауыл ауданында «IBM Gold» ЖШС осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан. Прокуратура бұдан бөлек 11 кәсіпорынның осындай заңсыздыққа барғанын анықтады. 

Оның ішінде 8 жағдай бойынша  пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болған.

Тексеру нәтижесінде алқа отырысы өтіп, бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленген.