Ауа райы • Бүгін, 09:19

Бүгін елімізде қатты жел, үсік және шаңды дауыл болады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, дүйсенбі, 6 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін елімізде қатты жел, үсік және шаңды дауыл болады

Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін, ал батыста – аздаған жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстікте синоптиктер желдің күшеюін болжайды, солтүстік пен оңтүстікте – тұман, ал оңтүстікте – шаңды дауыл болады.

Батыста, солтүстікте, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1–5 градусқа дейін үсік күтіледі.