
"Қайрат" ФК тәжірибелі қорғаушы, Беларусь құрамасының капитанымен келісім-шарт ұзартқанын қуана мәлімдейді. Жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін есептелген және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар, - деп мәлімдеді "Қайрат" клубының баспасөз қызметі.
Алматылықтардың капитаны саналатын Мартынович "Қайратқа" 2024 жылдың жазында ауысқан болатын. Ол барлық турнирлерде 48 матч өткізіп, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
"Сары-қаралар" сапында белорус футболшысы Қазақстан чемпионы (2024), Қазақстан Суперкубогының иегері (2025) атанды және "Қайраттың" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлес қосты.
Бүгін, 5 қазан күні алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 24-турының шегерілген матч аясында талдықорғандық "Жетісуды" қабылдайды. Кездесу Алматыда 16:00-де басталады. Бұған дейін екі команда 56 рет жолыққан: алматылықтар 33 рет жеңіске жетсе, талдықорғандықтар 12 ойында басым түскен, тағы 11 матч тең аяқталған. Доптар айырмасы – "Қайраттың" пайдасына 86:44. Қазір "Қайрат" 52 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында, ал "Жетісу" 21 ұпай жинап, оныншы орында тұр.