
Фото: Ашық дереккөз
АФК шешімінде Ассоциация матчтан кейінгі жабылу салтанатын конфедерацияның келісімінсіз ұйымдастырғаны атап өтілген. ӨФҚ сондай-ақ АФК мен оның ресми серіктестерінің маркетингтік құқықтарын толыққанды қорғай алмады. Нәтижесінде «амбуш-маркетинг» деп аталатын құбылысқа жол берілген. Бұл тәртіп бұзушылық рецидивтік жағдай ретінде қарастырылған.
АФК шешімінде «амбуш-маркетинг» ұғымы деп футболшыларды марапаттау кезінде BYD автокөліктерінің тікелей стадион алаңына қойылып, сол жерде сыйлық ретінде табысталуы түсіндіріледі.
Сонымен қатар Ассоциация ресми іс-шараларды өткізу кезінде баспасөз мәслихаттары мен сұхбат ұйымдастыруда тиісті қолдау көрсете алмаған. Бұл да тәртіптік комитет шешіміне әсер еткен факторлардың бірі болды.
Айыппұл екі бөлікке бөлініп белгіленді: 300 мың және 40 мың доллар көлемінде екі түрлі бұзушылық үшін.