Қоғам • Бүгін, 09:43

Қостанай облысында суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының мамандары тексеріс барысында аталған облыстың Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алып келгенін анықтап, «Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бабы бойынша 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салған. Бұл – аталған бассейн инспекциясы жыл басталғалы салған ең ірі айыппұл, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Инспекция биыл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабын бұзған бес дерек тіркеп, жалпы сомасы 2 339 540 теңге айыппұл салған. Барлық заңбұзушыға арнайы су пайдалану рұқсатын алу жөнінде нұсқама беріліп, тиісті ұсыныстар жасалды.

Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының басшысы Алмат Абжановтың айтуынша, жаңа Су кодексіне енгізілген қадағалау өкілеттіктері бассейн инспекцияларына азаматтардың өтініштеріне, су заңнамасын бұзу туралы мәліметтерге және мониторинг нәтижелеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Инспекторлар оқиға орнына дереу барып, заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік айыппұл сала алады. Бұл заңсыз су алуға және судың «қара нарығына» қарсы тиімді күрес жүргізуге жол ашады», дейді А.Абжанов.