Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы жаңа келісім арқылы виза мәселесін шешуге үміттеніп отыр. Аталған құжатты бүгін Сенат депутаттары ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Сәуір, 2026
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткілікті шекті есептеу тәртібі өзгертіледі. Жаңа тәсілге сәйкес, енді азаматтың жинақтары алынғаннан кейін олардың өмірінің соңына дейін ай сайынғы төлемдерге жетуі тексерілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2026
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бүгін Қытайдың Ордос қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты басталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апаты бойынша келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Сәуір, 2026
Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті
Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр ел президенті Тамаш Шуйокты лайықсыз деп атап, қызметінен кетуге шақырды. Бұл туралы премьер Шандор сарайында президентпен өткен кездесуден кейін X желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Сәуір, 2026
Екібастұзда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер ұсталды
Екібастұз қаласында қалалық аурухананың дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасалып, күш көрсетілген. Павлодар облыстық полиция департаменті күдікті үш ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
Орал қаласы аумағында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жалған мемлекеттік нөмір таққан көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Сәуір, 2026
Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек
«ҚазМұнайГаз» пен Turkish Petroleum Corporation Қазақстандағы кен орындарында геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан мен Түркия үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 14-отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда әскери қызметкер өзіне оқ атып, мерт болды. Сондай-ақ тағы бір қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Сәуір, 2026
Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алады
Оңтүстік Корея жыл соңына дейін Таяу Шығыс пен Қазақстан елдерінен 273 миллион баррель шикі мұнай жеткізуге келісім жасады. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
FlyArystan Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатты
FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстер тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Қырғызстан аумағында жер сілкінді
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Сәуір, 2026
Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады
Елімізде энергетикалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа мамандықтар пайда болады. Бұл туралы жылу энергетикасы саласындағы Салалық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Орал әуежайы авиаотынды әртүрлі бағамен сатып келген
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Халықаралық «Орал» әуежайы» ЖШС-ға қатысты жүргізілген тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Биыл 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту және реновациялау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Биыл бұл бағытта 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 16 Сәуір, 2026
Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті
Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Несіпбайұлы Обаев дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Сәуір, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
16 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аңдатпа • 16 Сәуір, 2026
17 сәуір - «Бейбарыс сұлтан» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Рақымжан Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» драмасы қойылады. Режиссері – Юрий Ханинга-Бекназар.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Италияның Болонья қаласында халықаралық «Bologna Children’s Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкеcі өтті. Балалар кітаптарының жәрмеңкесі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл көрмеге алғаш рет еліміздің баспалары қатысты.
Ғылым • 16 Сәуір, 2026
Ғылым баспалдағы оқушыны жетілдіреді
Келешекте ең қымбат валюта мұнай да, алтын да емес, кәдімгі су болуы кәдік. Тіршілік көзіне сұраныс артқан сайын саяси және экономикалық шиеленіс ширығып барады. Сарапшылардың дерегінше, 2040 жылға қарай суға деген жаһандық сұраныс 40 пайыздан асып кетуі ықтимал. Бұл жағдайда су ресурсын тиімді басқаратын жаңа технологияның маңызы арта түседі.
Жәдігер • 16 Сәуір, 2026
Ұлттық орталық музейде «Ахмет Жұбанов: дәуір үні» деп аталған көрме ашылды. Тағылымды іс-шара көрнекті композитордың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Тұрғын үй кезегіндегі түйткіл реттеліп келеді
Бүгінде елімізде үкіметтік бағдарламалар арқылы үй алудан үмітті азаматтарды есепке алудың бірыңғай да ашық жүйесі құрылып жатыр. Алайда осы мәселеде мемлекеттің басты операторы – «Отбасы банк» кейбір отандастарымызды тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартып отыр. Неге?
Тағзым • 16 Сәуір, 2026
Еліміздің шекарасын бекіту және тұтастығын сақтап қалу жолында күрескен қайраткер тұлға, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры, ағартушы Ә.Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде алғаш рет оқушылар арасында «Әлімхан әлемі» зияткерлік байқауы және математикадан Ермеков олимпиадасы өтті. Алдымен білім ордасында Алаш қайраткерінің ерлікке толы өмір жолына арналған мұражай ашылды.
Жасанды интеллект • 16 Сәуір, 2026
Адамзат тарихында кез келген өзгеріс тудыратын жаңа технология алдымен келешекке деген зор үміттен бұрын, қол еңбегіне сүйенген қарапайым жұмысшыларға қауіп көрінетін. Бүгінгі жасанды интеллект – сол ескі қорқыныштың заманауи көрінісі.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ерекше балаларға – елеулі көзқарас
Елімізде аутизм сырқатына шалдыққан балалардың саны кейінгі жылдардың бедерінде күрт өсіп отыр. Аутизм спектрінің бұзылысын ерте анықтап, емдеуге ерекше екпін салудың маңызы жоғары. Тіпті кеселдің алғашқы белгілері қылаң берген сәттен-ақ дәрігер мамандардың еміне жүгіну қатер бұлтын сейілтуге септеседі.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – маңызды жұмыстың бірі. Сол тұрғыда Жетісу өңірінде баспаналы болсам деген тұрғындардың дені онлайн кезек арқылы пәтерге ие болды.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2026
Тобыл бойындағы тазалық акциясы
Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі жаппай сенбіліктер маусымы басталды. Қостанайдағы «Триатлон» саябағында өткен алғашқы сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.