Спорт • Бүгін, 12:02

Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдың Ордос қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты басталды, деп жазады Egemen.kz.

Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Құрлық дода 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Шерзод Давлатов өзбекстандық Достон Рузиевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан ширек финалда Тәжікстан өкілі Мехрзод Суфиевті мерзімінен бұрын ұтып, келесі айналымға өтті. Ал Нұрқанат Серікбаев (-66 кг) Оңтүстік Корея спортшысы Ким Сон-Ёнге есе жіберіп, енді жұбаныш белдесуінде сынға түседі.

Еуропа кубогі: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды

Айта кетейік, бұл сында ел намысын 18 дзюдошы қорғап жатыр. Жалпы жүлде 19 елден 197 татами шебері арасында сарапқа салынады. 

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Соңғы жаңалықтар