Фото: Ашық дереккөз
Ресей тарапы 2024 жылғы 25 желтоқсанда болған авиациялық апатты мойындады. Осылайша екі ел Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан Azərbaycan Hava Yolları әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырауына байланысты барлық мәселелерді, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесін реттеуге келісті.
Ақтау маңында құлаған ұшақтың эксклюзивті суреттері жарияланды
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы қатынастар өзара құрмет, сенім және тараптардың мүдделерін ескеру негізінде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл тату көршілік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін жеткізді.
Қос тарап қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына тағы да көңіл айтты.
Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты, олардың ішінде Қазақстанның алты азаматы болған.
Нұрболат АМАНБЕК