Заң • Бүгін, 12:35

Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен

Фото: Ашық дереккөз

«Интенсивті алма бақтарын дайын күйінде тапсыру» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ж. Омаров байланысы бар тұлғалар мен бақылауындағы ұйымдар, соның ішінде «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-ін тарта отырып, мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған. Тергеу барысында күдіктілердің тауарлар мен қызмет бір көзден алу тәсілімен жүргізілгені анықталған. Сондай-ақ жабдықтардың, материалдардың және құрылыс-монтаж жұмыстардың құны қолдан өсіріліп, атқарылуы тиіс жұмыстардың бір бөлігі іс жүзінде орындалмаған. Заңсыздықтарға қарамастан жалған қабылдау-тапсыру актілері рәсімделіп, солардың негізінде бюджет қаражаты аударылған. Нәтижесінде мемлекетке 430 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған

«Қосымша агроөнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінген инвестициялық субсидияларды заңсыз алу фактілері де анықталды. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, олар арқылы бақтарды дамытуға және жұмсалған шығындарды өтеуге арналған субсидия алуға өтінімдер берілген. Нәтижесінде олардың шотына жалпы сомасы 327 млн теңгеден астам бюджет қаражаты аударылған. Алайда қаражаттың тек шамамен 20%-ы ғана нақты іске жұмсалып, қалған бөлігі 250 млн теңгеден астам қаржы сенімді адамдар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, мақсатсыз пайдаланылған», делінген агенттік таратқан хабарламада. 

Италияға саяхат және қымбат техника: Астанада емхана басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

Аталған фактілерге байланысты сот санкциясымен жалпы ауданы 108 гектар болатын құны 1 млрд теңгеден асатын жер участкелеріне тыйым салынып, күдікті Ж. Омаров қамауға алынған. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Еске салайық, аталған факті бойынша Қордың бұрынғы басқарушы директоры М. Искаков пен «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысы Р. Сазынбектен 4 автокөлік тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Соңғы жаңалықтар