Оқиға • Бүгін, 10:45

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда әскери қызметкер өзіне оқ атып, мерт болды. Сондай-ақ тағы бір қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды

Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапқан.

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

«Оқиға кезінде тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің бақылауында», делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада. 

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды

Зардап шеккен әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық № 1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты. Барлық қажетті емдік шаралар жүргізіліп жатыр», делінген өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Абай облысындағы сарбаз өлімі: Дәрігер жазадан босатылды

Соңғы жаңалықтар