Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Трамвай паркінде – жаңа вагондар
Трамвай – Павлодар шаһарының рәмізіне айналып үлгерген көлік. Рельсті көлік экологиялық жағынан да қауіпсіз. Облыс билігі вагондарды жаңартып, шеткері шағын аудандарға автономды трамвайлар жүргізу жобасына белсене кірісті.
Шымкент • 16 Сәуір, 2026
Шымкенттің мәдени-туристік мүмкіндігі бағамдалды
Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Бауырлас елмен байсалды байланыс
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз екіжақты келіссөз жүргізіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-отырысын өткізді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желіде Ертіс өзенінен бөлініп ағатын Жылы ағыс сағасының мұнай өнімдерімен ластанып, су бетінде май қабаты түзілгені туралы бейнежазба тарап жатыр.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады
Елімізде рейтинг агенттігін құру жоспарланып отыр. Аталған ұйым бизнес, банк немесе мемлекеттің сенімділік деңгейін бағалаумен айналысады. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Жиында депутаттар бұдан өзге тағы үш құжатты талқылады.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі
Жаңа Конституция – саяси институттарды жүйелі түрде жаңғырту және Қазақстанның заманауи әрі тиімді басқару үлгісіне көшу жолындағы тарихи қадам. Бұл жөнінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Астана суқоймасына барып, аса маңызды инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Заң мен Тәртіп • 15 Сәуір, 2026
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Астанадағы мектептердің бірінің аумағында болған қоғамдық тәртіп бұзушылық дерегі полиция қызметкерлерінің жедел әрекетімен анықталып, жолы кесілді. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Сәуір, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Қазақстан боксшысы, Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдады. Енді ол 90 келіге дейінгі салмақ бойынша жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 15 Сәуір, 2026
Ұлттық банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Ұлттық банк делегациясы Төраға Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында АҚШ Сауда палатасының (US Chamber of Commerce) өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2026
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Шығыс Қазақстан облысының орталығында 1500-ге жуық кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктірген «ALTAY BUSINESS» форумы өтті. Ауқымды іс-шара өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен нақты шешімдерді талқылауға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық көмекке қатысты заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2026
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Сәуір, 2026
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы «жасыл» энергетиканы дамытуға бет бұрып отыр. Соның айқын дәлелі – құс фабрикасы негізінде іске қосылған биогаз жобасы, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2026
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кездесуде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және ұйым өкілдерімен келіссөз жүргізді. Кездесу Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға дайындық шеңберінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2026
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Орбита-4 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Тілсіз жау екінші қабаттағы пәтердің балконы мен бөлмесін шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 15 Сәуір, 2026
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер ипотекалық несие беру кезінде қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін қатаң бағалайтын болады. Бұл қадам мерзімі өткен берешек тәуекелдерін азайту мақсатында қолға алынған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Сәуір, 2026
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 474,08 теңгені құрап, 2,63 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қазақстан әлемдік паспорттар рейтингінде 57-орынға тұрақтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Жетісу облысында аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Полиция қызметкерлері әйелдің заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, оның пайдакүнемдік мақсатта ұйымдастырылған қылмыстық схемасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Сәуір, 2026
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қазақстанда азаматтардың жалпы қарыз жүктемесіне шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі 4,2 га жер учаскесінінің жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында сарайдан екі оқушының мәйіті табылды. Ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2026
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Цифрландыру аясында жолдағы бірқатар құқықбұзушылықты анықтау интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларын пайдалану арқылы автоматты режимде жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 15 Сәуір, 2026
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несиелерге қойылатын талаптар күшейгеннен кейін ломбардтарға жүгіну жиілеген. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Ұлттық статистика бюросы наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке жүзігінің бағасы 45%-ға қымбаттағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.