Қоғам • Бүгін, 12:13

Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген

Фото: Ашық дереккөз

Бүгінде интернет-ресурстар кейбір жағдайларда лицензияланған сақтандыру ұйымдарының атауларын заңсыз пайдаланып, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМ) полистерін онлайн рәсімдеуді ұсынған. Сонымен қатар мұндай полистерді белгіленген тарифтерден жоғары бағамен сату жағдайлары тіркелген.

Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді

Ведомствоның мәліметінше, аталған қызмет көрсетуші тұлғалардың сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ және олар сақтандыру агенттері ретінде тіркелмеген. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметке жол берілмейді.

Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға интернет арқылы сақтандыру шарттарын жасасу кезінде мұқият болуға шақырды.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар