Қоғам • Бүгін, 12:25

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткілікті шекті есептеу тәртібі өзгертіледі. Жаңа тәсілге сәйкес, енді азаматтың жинақтары алынғаннан кейін олардың өмірінің соңына дейін ай сайынғы төлемдерге жетуі тексерілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі уақытта минималды жеткілікті шек әлеуметтік және болжамды көрсеткіштерге негізделіп есептеледі. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы, күнкөріс деңгейі және азаматтың болашақта аударатын жарналары ескеріледі.

Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс

Жаңа әдістемеде бұл тәсілден бас тартылып, нақты жинақтың өмір бойғы төлемдерді қамтамасыз ету қабілеті басты өлшемге айналады. Яғни жинақтың жеткіліктілігі азаматқа ай сайынғы төлем жасау мүмкіндігі арқылы бағаланады. Мысалы, егер азаматта 6 миллион теңге зейнетақы жинағы болса, бұрын жүйе болашақ жарналарды да ескеріп, қаражаттың бір бөлігін алуға рұқсат беруі мүмкін еді. Ал жаңа тәсіл бойынша 6 миллион теңгенің өмір бойғы төлемдерге жететіні есептеледі. Егер жеткіліксіз болса, қаражатты шешіп алуға рұқсат берілмейді.

Зейнетақы жинағы артып келеді

Жаңа есептеу әдістемесі әлі бекітілмеген, сондықтан нақты минималды жеткілікті шек мөлшерлері кейінірек анықталады. Дегенмен олар жас ерекшелігіне байланысты сақталып, жыл сайын макроэкономикалық, демографиялық және қаржылық факторлар негізінде қайта есептеледі.

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар