м
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Қытайда Aqmola Invest өкілдігі ашылды
Қытай Халық Республикасына ресми сапар аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бастаған өңір делегациясы Шанхай қаласындағы Ұлттық көрме орталығында өтіп жатқан Халықаралық импорт көрмесіне (CIIE 2025) қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
Үкіметте «Қазақстан балалары» бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасын талқылау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инновация • 07 Қараша, 2025
BETA Technologies компаниясы Қазақстанда көлік саласын дамытуға көмектеседі
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы ақпараттық технологиялар және электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 07 Қараша, 2025
Цифрлық даму министрлігі мен Groq ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен АҚШ-тың Groq, Inc. компаниясы озық есептеу жүйелері мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
«ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Бүгін «Қазмедиа» орталығында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығын иеленген жеңімпаздардың есімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
Сыртқы істер министрлігі Авраам келісімдеріне қосылуға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылуы туралы шешім қабылданғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Елімізде тұңғыш рет: Шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогі басталды
Шорт-тректен алғашқы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі 2023 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде-ақ Қазақстан конькишілер одағы осы жарысты өткізуге алғашқылардың бірі болып өтінім берген еді. Нәтижесінде Халықаралық конькишілер одағы елімізге бір емес, қатарынан екі кезеңді сеніп тапсырды. Екі кезең де Астанада өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 07 Қараша, 2025
АҚШ-Қазақстан: бірлескен InnoTech университеті құрылады
Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының C5+1 форматындағы кездесуі шеңберінде Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі, Q Group және Arizona State University жаңа халықаралық University of Innovation and Technology powered by Arizona State University (InnoTech) университетін Алматы қаласында ашу туралы ресми келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Қараша, 2025
Астанада белсенді өмір салтын қанша зейнеткер ұстанады?
Бас шаһардың Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 25 түрлі бағыт бойынша үйірмелер жұмыс істейді. 17 мыңнан астам зейнеткер аталған орталықтардың қызметін тұрақты түрде пайдаланса, биыл 4 090 зейнеткер тіркеліп, қызмет ала бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Алматыдағы автобус апаттары: Жыл басынан бері 600-ден аса адам зардап шеккен
Алматы қаласында қоғамдық көлік қатысқан жол апаттарының саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
СҚО-ның 42 ауылын сумен қамту жұмысы мерзімінен бұрын аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрлігі СҚО-ның 4 ауданындағы 22 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ететін үш жаңа су жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 07 Қараша, 2025
Роза Мұқанова қазіргі драматургияға қатысты дәріс оқыды
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясында жазушы Роза Мұқанованың «Қазақ драматургиясы: сюжет, идея және көркемдік тәсіл» тақырыбындағы дәрісі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билетінің бағасы қымбаттай ма?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке қарсаңында теміржол билеттерінің құны өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Stadler вагондары климаттық сынақтан сәтті өтті
Қазақстанда құрастырылған жаңа Stadler жолаушылар вагондары елдің әртүрлі өңірлеріндегі күрделі климаттық сынақтардан табысты өтті. Заманауи пойыздар -30°C суықта да, аптап ыстықта да сенімді жұмыс істей алатынын дәлелдеп, қазақстандық теміржол жүйесіне бейімделгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Семсерлесуден әлем кубогі басталды
Қазіргі уақытта Алжирде семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Қараша, 2025
Қазақстан ҰБТ жүйесін түрлендіру процесін бастайды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және ETS білім беру және таланттарды дамыту саласындағы халықаралық ұйымы еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арналған негізгі құралы – Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) трансформациялауға бағытталған стратегиялық әріптестікті бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
«Калмаэги» тайфуны Вьетнамға жетті, қаза тапқандар бар
«Калмаэги» тайфуны Вьетнамның орталық таулы және жағалаудағы провинцияларына соғып, кем дегенде бес адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қараша, 2025
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар және тұман күтіледі
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың 8–10 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақмола өңірінің Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылы маңында Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына бағыт алған жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
БҚО-да қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды
Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ ауылында қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
14 мың борышкер алимент төлеуден қашып жүр
Ақтөбе облысында алимент өндіру бойынша жеке сот орындаушыларына келіп түскен 16 916 істің 2 756-ы ғана аяқталған. 14 мыңнан астамы әлі де орындалмай тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Қараша, 2025
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге арналған жобаның тоқтайтынын мәлімдеді
Оқу-ағарту министрлігі «Мақсатты мектеп» жобасының тоқтатылатын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 жоба жүзеге асырылады
Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Сәби өлімі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстанның көрсеткіші қандай?
Соңғы жылдары әлемде бір жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі азайғанымен, елдер арасындағы алшақтық әлі де орасан. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мың балаға шаққанда екіден аз болса, кейбір кедей елдерде жүзге дейін жетеді. Ranking.kz мәліметінше, Қазақстан сәби өлімін азайтуда айтарлықтай ілгері жылжығанымен, әзірге дамыған елдердің деңгейіне жете қойған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Мүгедектігі бар жандар Әлеуметтік портал арқылы 529 мыңнан астам қызмет алған
2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 529 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Портал олардың оңалту құралдары мен қызметтерінің өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Елді мекендерде алғаш рет: Көктайғаққа қарсы материалдардың ұлттық стандарты әзірленді
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) алғаш рет елді мекендер аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдарға (КҚМ) қойылатын талаптарды айқындайтын ұлттық стандарт әзірленді. Құжаттың мақсаты жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және қыс мезгілінде реагенттердің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Шымкенттік блогер әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалаған
Күдікті 10 млн теңге ақша ақысына әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпайтынын айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 07 Қараша, 2025
Елорда аумағынан неше текше метр қар шығарылды?
Астанада коммуналдық қызметтер қар күреу жұмысын тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатқаны қала әкімдігінен мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Алатау қаласында әуе такси қызметі іске қосылады
Осы мақсатта Қазақстан АҚШ-тан электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алады. Жоспарды жүзеге асыру үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.