Құжатпен жұмыс Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайдың қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.
Бағдарламаны Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттары және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып әзірледі.
Аталған құжат Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы және жоспарланған барлық шараларды біріктіруге бағытталған, өскелең ұрпақтың мүддесі үшін жүйелі, тұрақты әрі дәйекті саясат құрудағы маңызды қадам болмақ.
Жұмыс барысында мемлекеттік органдар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты бағдарламалық, нормативтік және стратегиялық құжаттарға ревизия жүргізді. Бұл қайталанатын ережелерді анықтауға және интеграция мен жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы Қазақстандағы әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын жүйелі қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты мемлекеттік саясаттың негізіне айналуы тиіс екені атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, бағдарламаны пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берілді.