Шығармашылық зертхана туындының жазылу себебін, қаламгердің сол сәттегі көңіл ауанын, жазушы еңбегіне тән белгі-ерекшеліктерді арқау етеді. Дәріс барысында Роза Мұқанова қазіргі қазақ драмтургиясының мәселелеріне тоқталып, пьеса жазу барысында өзі қолданатын драмалық әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Шығармашылық бел-белестегі алғашқы әңгімесі – «Аиданың» жазылу тарихына тоқталып, оған жазған Дулат Исабаевтің пікірінінен кейін әдебиет әлеміне қадам басқан кезін есіне алды.
Әдеби іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының төрағасы Бауыржан Бабажан, жазушылар А. Алтай, Шәрбану Бейсенова, ақын Оңайгүл Тұржан және өзге де зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен студенттер қатысты.
Дәріс соңында жазушы тыңдармандармен еркін пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның толық нұсқасы YouTube арнасында жарияланып отырады.