Қоғам • Кеше

Мүгедектігі бар жандар Әлеуметтік портал арқылы 529 мыңнан астам қызмет алған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 529 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Портал олардың оңалту құралдары мен қызметтерінің өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мүгедектігі бар жандар Әлеуметтік портал арқылы 529 мыңнан астам қызмет алған

«Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 529,1 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) шамамен 389,5 мың, 9,6 мың – ымдау тілі қызметін, 26 мың – жеке көмекшінің, 104 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды», делінген хабарламада. 

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 630 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1066 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 758 ымдау тілі және 139 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.