Үкімет • Бүгін, 12:25

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ ауылында қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Бұл жоба Президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан Ұлттық жобаның аясында салынды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешевтің айтуынша, жаңа нысандар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.

«Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Біз кездескен ауыл тұрғындары зор ризашылықтарын білдірді. Бұл жаңа нысандар ауыл халқының денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосады. Мұнда ауруларды ерте кезеңде анықтауға, скринингтік тексерулер жүргізуге мүмкіндік бар. Балалар, жүкті әйелдер мен жас аналар, сондай-ақ қарт адамдар осы жерде медициналық қызмет алады. Біз мұның бәрі ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға және нығайтуға айтарлықтай септігін тигізеді деп санаймыз», деді ол.

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен (МСАК) қамтып, аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жұмыстарын жақсартады.