Фото: Көлік министрлігі
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұған дейін елде тек ГОСТ 33387-2015 «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары. Көктайғаққа қарсы материалдар. Техникалық талаптар» стандарты қолданыста болған екен.
«Алайда оның қолданылу аясы тек жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен шектеліп, қалалық инфрақұрылымның, көшелердің, тротуарлардың, аялдамалардың және жаяу жүргіншілер өткелдерінің ерекшеліктерін ескермеген», деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» мамандары.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайда стандартты реагенттерді қолдану жарақат алу қаупін арттырып, жабындар мен абаттандыру элементтерінің бұзылуын жеделдетуі мүмкін.
«ҚазжолҒЗИ» әзірлеген жаңа ұлттық стандарт қалалық ортаға қауіпсіз көктайғаққа қарсы материалдардың рұқсат етілген түрлерін, қасиеттерін және сапа көрсеткіштерін айқындайды. Құжат халықаралық тәжірибелер мен елімізде жинақталған қысқы жол күтімі тәжірибесінің талдауы негізінде әзірленген. Бұл стандартты енгізу қыс мезгіліндегі көктайғақпен күрес шараларының тиімділігін арттыруға, қауіпті реагенттердің қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.