Құжат Қазақстанда Groq инфрақұрылымын орналастыруды, Alem.AI және Astana Hub базасында пилоттық жобаларды іске қосуды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер (HPC), жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық және өңірлік бағдарламаларды қолдау үшін «бұлтты» деректер орталықтарын құруды көздейді.
Сонымен қатар, Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.