и
Президент • 10 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Атырауда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланды
Атырау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған "Хәкім Абайдың ізімен" атты ауқымды мәдени іс-шара өтті. Мереке Абай ескерткіші алдындағы алаңда ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Тамыз, 2025
Өскемен тұрғыны күйеуін қуып жүріп пышақтап өлтірді
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының материалына сәйкес, облыс орталығының тұрғыны күйеуіне алты жерден, оның ішінде жүрегіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Тамыз, 2025
Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қылмыс • 09 Тамыз, 2025
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімінің себебі анықталды
Прокуратурада марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылу себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Тамыз, 2025
Боксшылар Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады
10 мен 11 тамызда Таиландта бокстан жастар арасындағы (U-19, U-21,) Азия біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Тамыз, 2025
Алматы облысында джиу-джитсудан халықаралық балалар турнирі өтті
Алматы облысы Іле ауданында «AMANAT» партиясының бастамасымен алғаш рет «AMANAT JIU-JITSU KIDS CUP 2025» халықаралық балалар турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Тамыз, 2025
Абай мұрасына арналған тағылымды кеш
Алматыда Мемлекеттік орталық музей мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының бірлесе ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Жамбылдағы жасөспірімдерге қатігездік танытқандарға қатысты тың дерек шықты
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарға қатысы бар қылмыстық істі министр бақылауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 09 Тамыз, 2025
Павлодар қаласының көшелеріндегі су колонкалары алынады
Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Тамыз, 2025
Әзербайжан мен Арменияның келісімге қол қоюы – АҚШ Президентінің бітімгерлік миссиясының арқасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды.
Төтенше жағдай • 08 Тамыз, 2025
Көліктегі өртті сөндіріп үлгерді
Шымкенттік полицейлер кезекшілікте жүрген кезінде кенет көліктен шыққан өртті байқап қалып оны дер кезінде сөндіріп үлгереді. Осылайша тәртіп сақшылары өрттің салдарынан туындауы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Тамыз, 2025
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Азаматтық қоғам өкілдері Түркістанда бас қосты
Түркістан облысы аумағында 700-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 33,4%-ы қалаларда болса, 66,6%-ы аудандарда орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде алғаш рет әлемге таныстырылды
8 тамызда Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық кинологиялық федерация (FCI) эгидасы аясындағы World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесінде «Қазақ тазысы» ит тұқымы ресми түрде әлемге таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Президенттік жастар кадрлық резервінің келесі кезеңіне өткен үміткерлер белгілі болды
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында тестілеудің келесі блогы – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жіберілген үміткерлер тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 08 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект олимпиадасында Қазақстан оқушылары рекордтық жетістікке жетті
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) үздік нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль иегерлері – Қасымқан Жәнібек, Әбу Қанабек және Сұлтанби Исатай атанса, күміс медальді Аушахман Тәлім жеңіп алды, ал қола медаль Тимур Шакуов, Дәужан Бекетов пен Сұлтанбек Сарыға бұйырды. Сондай-ақ, IOAI ұйымдастыру комитетінің мақтау қағазымен Батыр Ерденов марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Тамыз, 2025
Президент Ішкі істер министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі қылмыстық ахуал мен ішкі істер органдары жүзеге асырып жатқан Заң мен тәртіп қағидатының орындалуы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Тамыз, 2025
Биыл 111 мектеп, 17 балабақша, 31 денсаулық сақтау нысаны салынған
Құрылыс саласы – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Аталған салада Президент тапсырмалары орындалып, тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, жеке сектор ынталандырылып, құрылыс индустриясы дамып әрі кешенді мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Тамыз, 2025
Президент Қазақстан инвесторлар қауымдастығы төрағасын қабылдады
Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын, деп хабаралйды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Тамыз, 2025
Қазақстан спортшысы үстел теннисінен жүлде алды
Үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы үшінші орынға ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Тамыз, 2025
Жамбыл өңіріндегі көптеген ғимарат «Бином» ЖШС мамандарының табанды еңбегінің арқасында бой көтергені белгілі. 1998 жылы байырғы «Агроқұрылыс» АҚ базасында құрылған компанияда әуелі 50 адам еңбек еткен. Ол кезде мұнда 10 ғана техника болыпты. Тынымсыз ізденістің ізіне түскен серіктестік басшылығы жыл жылыстаған сайын техникалық базасын нығайтып, өңірдегі әлеуетті де жетекші құрылыс компанияларының санатына қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Тамыз, 2025
Президент Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады
Президентке бизнес-омбудсменнің 2024 жылы атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 08 Тамыз, 2025
Astana IT University «Digital Public Administration» бағдарламасын іске қосты
Мемлекеттік сектордың цифрлық трансформациясы қарқынды дамып жатыр. Бүгінде Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің 92%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді, бұл – электрондық үкіметті дамытудағы ел жетістігі екені өз алдына. Осы үдеріске қолдау ретінде Astana IT University (AITU) «Digital Public Administration» жаңа білім беру бағдарламасын іске қосып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 08 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан»: Қарашөкеев Тараздағы жұмысты тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданының аулаларын аралап, тазалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 08 Тамыз, 2025
Құрылысшыларға мемлекеттік наградалар табысталды
Құрылысшы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 08 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылында «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады
1 қыркүйектен бастап елімізде алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген
Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады Egemen.kz.