
Оның бұл әрекетін алматылық тұрғын түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялады.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша қолданыстағы заңнама аясында қажетті шараларды жүргізгенін хабарлады.
— Құқық бұзушы қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Қаламыздың көшелерінің сақталуы мен тазалығы — баршамыздың ортақ міндетіміз екенін еске саламыз. Біз бірге әрекет ету арқылы Алматының тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, — деп хабарлады полициядан.