Әлем • Бүгін, 20:53

Ларри Эллисон озып тұр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі өзгерді, деп жазады Egemen.kz.

Ларри Эллисон озып тұр

Нақтылай айтқанда, Ларри Эллисон алғаш рет дүние жүзіндегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынға шықты. Ол Tesla және SpaceX негізін қалаған Илон Маскты артта қалдырды.

Bloomberg рейтингіне сәйкес, Oracle компаниясы тең құрылтайшысының байлығы 393 миллиард долларға, ал Масктыкі 385 миллиард долларға тең. 81 жастағы Эллисонның жиған-тергені бір күнде 101 миллиард долларға өскен. Бұл – индекс тарихындағы бір күнде тіркелген ең ірі өсім.

Айта кетейік, И.Маск алғаш рет 2021 жылы әлемдегі ең бай адам атанған. Кейін ол бұл көшбасшылықты уақытша Джефф Безосқа (Amazon) және Бернар Арноға (LVMH) берген. Бірақ былтыр қайтадан бірінші орынға шыққан.