
- Аталған заң мәтіні баспасөзде жарияланады, - деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Бұған дейін белгілі болғандай, ғарыштық зымыран кешенінің құрылысы «Зенит-М» кешенінің инфрақұрылымы негізінде жүргізілуде. Жоба жаңа «Союз-5» зымыран тасығыштарын ұшыруға арналған. 2018 жылы ресейлік тарап жалға беруден шығарғаннан кейін нысанды қазақстандық мамандар пайдалануда.