Оқиға • Бүгін, 12:17

Алматы облысында сарбаз өзіне қол жұмсаған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында сарбаз өзіне қол жұмсаған

Фото: Ашық дереккөз

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», делінген хабарламада.