Ауыл
Мектеп • 26 Мамыр, 2025
Біліктілікті арттыру курстары 8 мыңнан астам ауыл мұғалімін қамтыған
Жыл басталғалы мектеп педагогтеріне арналған 515 біліктілікті арттыру курсы өтіп, 13 мыңға жуық мұғалім қамтылған, ал қатысушылардың 62 пайызын, яғни 8 мыңнан астамын ауыл мектептерінің мұғалімдері құрайды екен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Мамыр, 2025
Мамыр айының соңында елімізде магниттік дауыл болуы мүмкін
Сәрсенбіден бастап Қазақстан аумағында геомагниттік жағдай өзгеруі мүмкін. Ғалымдар орта деңгейдегі магниттік дауылдың болатынын болжады. Күн желінің ерекше күшеюі адамның көңіл-күйі мен денсаулығына да әсер етуі ықтимал. Мұндай құбылыс кездейсоқ емес. Күн бетінде соңғы күндері өте белсенді процестер жүріп жатыр.
Шаруашылық • 25 Мамыр, 2025
АШМ 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке жайлағанын мәлімдеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы – қазіргі заманның басты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы бағыттағы нақты шешімдердің бірі – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Batys AgroHub» жобасы. Бұл бастама КПО б.в. консорциумының акционерлері – «Shell Қазақстан» және «Eni» компанияларының қолдауымен іске асырылып отыр.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Сәтбаев атындағы каналда 17 трансформатор мен 19 сорғы қондырғысы жөнделеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қ.Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмыстарын бастады. Бүгінде 17 трансформаторды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, 9 қосалқы жабдық сатып алынды.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Елордада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 24-25 мамыр күндері өтетін жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Мамыр, 2025
Баянауыл ұлттық паркіндегі өртке электр кернеуіне түскен сауысқан себепкер болған
Сәуір айының басында Баянауыл ұлттық паркінің жерлері жанған болатын. Төтенше жағдай қызметінің мамандары өрттің шығу себебін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Мамыр, 2025
Ауылға барған дәрігерлерге көтермеақы неге төленбеген
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов ауылға жұмыс істеуге барған дәрігерлерге 8,5 миллион теңге біржолғы төлемнің төленбей отырғанын сынға алды. Ол бұл мәселе бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды egemen.kz
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Қазақ жылқысы – ұлттың коды, өркениет жады
Абай елінде I Халықаралық жылқы шаруашылығы жөніндегі ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті.
Медицина • 20 Мамыр, 2025
«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты
Астанада бүгін «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жыл ішінде аталған пойыз 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, 123 шалғай ауыл-стансаларда тоқтап, шамамен 90 мыңнан астам адам медициналық көмек алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Астанада өткен Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанатында ауыл спортының дамуына серпін берген AUYLSPORT жобасының қатысушыларына – жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Оқу-ағарту министрлігі атынан Алғыс хат табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Президент тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында кезінде заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 19 Мамыр, 2025
Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды.
Ауыл • 18 Мамыр, 2025
42 елді мекен 2 G-ге жіпсіз байланып отыр
Жамбыл облысында ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілсе де, қазіргі күнге дейін 43 елді мекен 2G- телміріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 18 Мамыр, 2025
Шағын наубайхана төрт ауылды нанмен қамтамасыз етеді
Айыртау ауданындағы «Антоновка» ауылында ашылғалы отырған «Ясмина Агро» ЖШС жаңа наубайханасы тәулігіне 500 дана нан пісіріп, «Жұмысшы», «Комаров» және «Лавровка» ауылдары тұрғындарын да ас төресімен қамтамасыз етпек.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Елімізде 5 млн гектардан астам жерге дақыл егілді
Ел өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі осыған дейін 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Мамыр, 2025
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке 17-18 мамыр аралығында Нұрғиса Тлендиев даңғылы, 12а мекенжайында сағат 09:00-19:00 аралығында ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2025
Қарағандыда сүт фермасы ашылды
Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2025
Күнбағыс болса, күн бағыс жақсы
Абай облысының дән егіп, тер төккен диқандары көктемгі егіске қауырт кіріскелі қашан. Ауыл шаруашылығы саласының техникамен жарақталуы да жақсарып келеді. Жер тоймай, ел тоймайтынын жақсы білетін шаруалар егістік алқаптарына жоғары сұрыпты тұқым сеуіп, ала жаздай егіннің ебін табуға әзір, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиялары енгізіледі
Бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде вегетациялық маусым әдеттегіден 20 күн бұрын басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2025
Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Қарағанды облысында қыз зорламақ болған ауыл әкімі қамалды
Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкіміне 23 жастағы қызды соққыға жығып, зорлауға оқталды деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 10 Мамыр, 2025
Ауыл тұрмысы – инфрақұрылым дамуына байланысты
Инфрақұрылым – ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың басты тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында ауылдық елді мекендердің дамуына ерекше мән беріп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдарды таза ауыз сумен, сапалы жолмен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып отыр.
Ауыл • 10 Мамыр, 2025
«Ауыл – Ел бесігі»: Ақмола облысында ауылдарды дамыту қарқынды жүріп жатыр
Ақмола облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 10 Мамыр, 2025
Көктемгі егіске 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Қасым Қайсенов ауылында «Батырлар аллеясы» ашылды
2025 жылғы 7 мамыр күні, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов ауылында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Мамыр, 2025
Мемлекеттік сатып алу туралы Заң ауылдағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған
Қазір ҚР Үкіметі ауылды жерлерде өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер мен осы салада бұрыннан жұмыс істеп жүрген бизнесмендерге де қолдау шараларының кең спектрін ұсынып келеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 05 Мамыр, 2025
Ауылдарда қауіпсіздік мейлінше нығаяды
ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, сол шеңберде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.