
Қостанай облысының 12 ауданында 650 мың гектар жерді химиялық өңдеу жоспарланған. Шегіртке дернәсілінің, әсіресе, Наурызым, Аманкелді, Жанкелдин, Қамысты аудандары мен Арқалық қаласына қарасты егін алқаптарының маңайында көп екені анықталған.
«Қазір аталған аудандарда 150 мың гектар жерге мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 57 мың гектар жерде шегіртке ошағы бар екені анықталып отыр. Бүгінге дейін 51 мың гектар өңделіп, зиянкестер ошағы жойылды. Облыста менің төрағалығыммен фитосанитарлық шараларды өткізу жөніндегі штаб жұмыс атқарады. Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің барлық мәселелері бақылауға алынған. Жергілікті атқарушы орындарға қарасты қызметте Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жұмыс істейді. Облыста шегірке ошағы анықталған аумақты өңдеуге жұмсалатын химиялық улағыш қоры жеткілікті», дейді облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов.», дейді облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов.
Қазіргі таңда алқапта аумақтық инспекцияның 263 маманы, оларға жергілікті атқарушы орындар тарапынан қосылған 654 адам монитринг жүргізіп жатыр.
Қостанай облысы