Шаруашылық • 29 Мамыр, 2025

Егіс науқаны жалғасып жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең көлемді егіс көлемі Ақмола облысына тиесілі – 3 706 мың гектар. Көлем бойынша одан кейінгі облыстар: Қостанай (3 292 мың га), Солтүстік Қазақстан (2 566 мың га), Павлодар (1 081 мың га), Қарағанды (1 032 мың га). Бүгінде егіс науқаны бойынша 72,4 пайыз жер қамтылып, 15,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлеріне егіс жұмыстары жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.

Егіс науқаны жалғасып жатыр

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

1 119,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу бойынша келісімшарттар жасалып, оның ішінде 976,9 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 368,8 мың тонна дизель отыны бөлініп, оның 290,1 мың тоннасы өңірлерге жеткізілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егіс құрылымында ең көп үлесті дәнді дақылдар алып отыр – 10,9 млн гектар. Оның ішінде жемшөп дақылдары – 782,7 мың га, көкөністер – 116,2 мың га, картоп – 108,1 мың га, бақша дақылдары – 84,1 мың га, майлы дақылдар – 2 747 мың га, мақта – 141,6 мың га, дәндік жүгері – 153,9 мың га, қант қызылшасы – 17,8 мың га, күріш – 87 мың гектар.