
Фото: polisia.kz
Бұл үрдісті 66 ауыл қолдаған. Жуырда олардың қатарына Төле би ауданының Зағамбар, Алғабас және Тағайна ауылдары да қосылған.
Зағамбар ауылында қазақтар мен өзбектер тату-тәтті өмір сүріп, ішімдіктен толық бас тартқан. Ауыл тұрғыны Егізбай Сүттібаев бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, мұндай шешім қоғам денсаулығы мен мәдениетіне оң әсер ететінін атап өтті.
Мұндай ауылдарда қылмыс деңгейі нөлге тең, қоғамдық тәртіп айтарлықтай жақсарып, жастардың спорт пен білімге қызығушылығы артқан.