Шаруашылық • 14 Маусым, 2025

Қазақстанда 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді

Бүгінгі таңда күрес шаралары аясында 1,8 млн гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Бұл жоспарланған 2,1 млн гектардың 86,6 пайызын құрайды.

Өңдеу жұмыстарына 459 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, 371,79 мың гектар жер өңделген.
Жамбыл облысында 86,12 мың гектар (80%) алқапқа өңдеу жүргізілді.

Жұмыстар еліміздің тағы 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: Қостанай облысында – 391,04 мың га, Ақтөбе облысында – 388,93 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 191,48 мың га, Ақмола облысында – 65,31 мың га, Атырау облысында – 50,84 мың га, Қарағанды облысында – 39,28 мың га және басқа өңірлерде.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру жағдайлары тіркелген жоқ.

Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және басқа да ресурстармен толық қамтамасыз етілген.

Шегірткеге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 72-53-83 нөмірлі Call-орталыққа немесе Telegram-арнадағы чат-ботқа («Саранча/Шегіртке 2025») хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше