Қоғам • 17 Маусым, 2025

Тағы бір ауыл арақтан бас тартты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы Далабай ауылы тентек суға тыйым салды. Бұл бір күннің шешімі емес, саналы түрде қабылданған салмақты қадам. Ауыл тұрғындары ішімдіктің зиянын таразылап, келешек ұрпаққа дені сау, рухы таза, тәртіпті орта қалдыруды мұрат тұтты, деп жазады Egemen.kz.

Тағы бір ауыл арақтан бас тартты

Жуырда ауылда «Заң және Тәртіп» атты кездесу өтіп, елді мекен аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту туралы бастама көтерілді. Бұл ұсынысты алғашқылардың бірі болып ауыл ақсақалдары қолдады. Олар: «Қоғамның берекесін кетіретін нәрсенің беті аулақ болсын. Арақ ішкен жерде тәртіп пен тиянақ болмайды» деген байламдарын ортаға салып, жастардың болашағы үшін бұл шешімнің маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысында ауыл тұрғындары бірауыздан ішімдікті сату мен таратудан бас тарту жөніндегі хаттамаға қол қойды. Осылайша, Далабай ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарын толықтырды.

Облыстық прокуратура бұл бастаманың құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық келісімді нығайтуда үлгі боларлық тәжірибе екенін атап өтті.

«Мұндай қадамдар еліміздің өзге де өңірлерінде қолға алынып жатыр. Кейбір ауылдарда соңғы жылдары бірде-бір қылмыстық іс тіркелмеген. Бұл халықтың өзі заң мен тәртіпке тірек бола алатынын көрсетеді», делінген прокуратураның ресми хабарламасында.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Бояулы ауылы да осындай шешім қабылдап, ішімдіктен мүлде бас тартқан. Қазір ол ауылда тәртіп бұзу оқиғалары мен құқыққа қайшы әрекеттер жоқтың қасы.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025