Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
519 материал табылды

Инвестиция • 28 Тамыз, 2025

Инвестиция тарту қарқыны күшейді

Бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдің экономикалық дамуы үшін инвестиция тартудың аса маңызды екенін атап өткен еді. Президент «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасын алға тартып, әлемдік деңгейде капитал үшін бәсеке күшейіп тұрғанын, мұндай жағдайда Қазақстан батыл әрі жедел шешімдер қабылдауға тиіс екенін қадап айтты. Содан бері қандай нәтижеге жеттік?

Экономика • 26 Тамыз, 2025

Экспорт елеулі нәтижеге жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында сауда саласын дамытуға баса назар аударды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойды. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың арқасында сала тұрақты өсім көрсете бастаған.

Сараптама • 21 Тамыз, 2025

Банктер бағытын өзгертеді

Елімізде банк жүйесін реттейтін жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Құжат 7 кодекс пен 16 заңға өзгеріс енгізіп, банк секторындағы ережелерді жаңартуды көздейді. Жаңа талаптар лицензиялау жүйесін, салық саясатын және клиенттердің құқығын қорғау те­тік­терін қамтиды. Бұл өзгерістер банк нары­ғы мен қарапайым тұтынушыға қалай әсер етеді?

Сараптама • 21 Тамыз, 2025

Жақыныма ақша аударғаным үшін Салық комитеті шақыра ма?

Заңгер Алмаз Отаровтың жауабы: – Ең алдымен, заңда көрсетілген шектеулерге тоқталайық. Егер сіздің шотыңызға үш айдың ішінде 100-ден көп әртүрлі адамнан ақша түссе, әрі жалпы сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асса, онда бұл табыс – кәсіпкерлік әрекет деп қаралуы мүмкін. Яғни мемлекет сізді жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жүр деп есептейді. Бұл ереженің мақсаты – шынымен бизнес жасап, табыс тауып жүрген адамдардың салықтан жалтаруына жол бермеу.

Қоғам • 10 Тамыз, 2025

Чекті қоқысқа тастау қауіпті

Көпшілік чектерді қағаз сияқты макулатураға өткізуге болады деп ойлайды. Бірақ экологтардың айтуынша, кассалық чектер – ерекше өңдеуді қажет ететін қалдықтар, сондықтан оларды қайта өңдеуге жіберуге болмайды.

Қаржы • 09 Тамыз, 2025

Жастар қаржылық кеңесті әлеуметтік желіден алады

Yahoo Finance зерттеуіне сай, 20-30 жас аралығындағы жастардың 34 пайызы ақшаға қатысты шешім қабылдағанда TikTok пен YouTube-тегі кеңестерге сүйенеді. Яғни, әр үшінші жас өз қаржысын блогердің сөзіне қарап басқарады деген сөз.

Қаржы • 09 Тамыз, 2025

Күмәнді ақша аударымдары қалай анықталады

Елімізде ақшаны заңсыз айналымнан шығару мен терроризмді қаржыландырудың алдын алу бағытында жаңа тәсіл енгізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Женіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы • 09 Тамыз, 2025

Теңге неге әлсіреп тұр?

Қыркүйектен бері теңге тағы құнсызданып, доллар бағасы 550 теңгеге таяды. Себебі неде?

Сұхбат • 06 Тамыз, 2025

Вибке Шлёмер: Қазақстан – дамуға бейім мемлекет

Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) елімізбен көп жылдан бері серіктестік орнатып келеді. IFC-ның Түркия және Орталық Азия ­бойынша директоры Вибке Шлёмер бізге берген эксклюзивті сұхба­тын­да Қазақстандағы инвестициялық климат, мемлекет-жеке­мен­шік әріптестік (МЖӘ), Транскаспий дәлізі мен болашағы зор салалар туралы ой бөлісті.

Аймақтар • 02 Тамыз, 2025

Жергілікті шаруалармен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып, жергілікті шаруалармен кездесулер өткізді.