Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
521 материал табылды

Футбол • 11 Қыркүйек, 2025

Еліміз «Қайрат» – «Реал» матчынан қанша пайда тапты?

Алматыда өткен «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу ел тарихындағы ең ірі спорттық оқиғалардың біріне айналды. Бұл қаржы Алматы экономикасына зор серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандыра түсті.

ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2025

Жаңа инвестициялық кезең: Өңірлердің жауапкершілігі артады

Еліміздің инвестициялық саясаты жаңа кезеңге қадам басқалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында өңдеу өнеркәсібі мен өңірлерге көбірек қаржы тарту қажеттігін айтып, Үкіметке инвестициялық жүйені түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. «Дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажет», деді Президент.

Технология • 10 Қыркүйек, 2025

ЖИ мобильді аударымдарды талдап жатыр

Қаржы министрлігі бүгінде цифрландыру бойынша ең озық мемлекеттік органның бірі. Салық қауіпсіздігі сарапшысы Дмитрий Казанцевтің айтуынша осы министрлік есептілікті алғашқылардың бірі болып электронды форматқа көшірген еді. Соның арқасында салықтық үдерістің  жылдамдығы да, сапасы да едәуір артты.

Несие • 10 Қыркүйек, 2025

Кредит төлей алмасам не болады?

Заңгер Рауан Есбергеннің жауабы: – Сіздің қарызыңыз – тек сіздің жеке жауапкершілігіңіз. Яғни қары­зыңыз үшін ата-анаңыздың, бауыр­ларыңыздың немесе басқа туыс­та­рыңыздың шоттарын жабуға, мүлкін тартып алуға немесе жалақысын ұстап қалуға банктің ешқандай құқығы жоқ. 

Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025

Визасы бар ескі паспорт жарамсыз болып қала ма?

Құжат ауыстыру кезінде көп адам түрлі қиындыққа тап болады. Әсіресе аты-жөнін қазақшалау кезінде құжат сәйкессіздігі мен виза мәселесі көпшілікті алаңдатады. Экономист Мақсат Халық осы үдерісті басынан өткеріп, тәжірибесімен бөлісті.

Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025

Тұрғын үй-коммуналдық саласы өрге басты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы үшін аса маңызды бағыттардың бірі ретінде тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін көтерді.

Сараптама • 05 Қыркүйек, 2025

Пәтер сатып алған қаншалықты тиімді?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл жазда пәтер жалдау бағасы 8–12%-ға өскен. Бірақ өсім барлық жерде бірдей емес. Астана мен Талдықорғанда көрсеткіш 30%-ға дейін жетсе, Алматыда баға баяу көтерілді, ал Жезқазған мен Қонаевта, керісінше, арзандаған. Жалға алу мен сатып алу арасындағы таңдау бүгінде қаржылық мүмкіндіктерге ғана емес, жаңа Салық кодексінің талаптарына да байланысты болмақ. Осы тұста «тиімді шешімді қалай табамыз?» деген сұраққа жауап іздейік.

Экономика • 05 Қыркүйек, 2025

Апталық дайджест: Мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды.

Инвестиция • 04 Қыркүйек, 2025

Инвестициялық жобалардың игілігі

Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) еліміздегі ең ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырып отыр. 2025 жылғы тамыздағы мәліметке сай, ҚДБ қолдауымен 26 ауқымды жоба іске асырылады. Олардың қатарында жаңа зауыттар, энергетикалық нысандар, туризм мен әлеуметтік инфрақұрылымға арналған жобалар бар.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025

Халық сақтандыруға неге құлықсыз?

Дамыған елдерде сақтандыру – бизнестің де, жеке өмірдің де негізгі тірегі. Үй салсаң да, көлік мінсең де, тіпті қарапайым саяхатқа шықсаң да, алдымен қауіп-қатерді сақтандыру арқылы қорғайсың. Ал елімізде сақтандыру деген ұғымның өзі көп адамға күдік тудыратыны рас. Ерікті медициналық сақтандыру бар, мүлікті де қорғауға болады, ауыл шаруашылығы үшін арнайы бағдарламалар жасалған. Бірақ іс жүзінде жағдай басқа.