Саясат • 24 Желтоқсан, 2025
Инвестиция тартуда ілгерілеу бар
Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібіне қатысты бірнеше маңызды кездесу өткізді. Бұл кездесулердің бәрі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау, яғни елге инвестиция тарту, өндірісті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қарапайым тілмен айтсақ, әңгіме зауыт, жұмыс орны, экспорт және ұзақмерзімді серіктестік туралы болды.
Марапат • 23 Желтоқсан, 2025
Астанада көлік пен логистика саласының мамандарына «транспорттық Оскар» табысталды
Елордада көлік пен логистика саласындағы Еуразиялық беделді марапат саналатын «Magistral Awards – 2025» премиясының жеңімпаздары анықталды. Кәсіби орта бұл сыйлықты көптен бері «транспорттық Оскар» деп атап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 23 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ғалиев: Геоғылым мектебін дербес құрылым ретінде сақтау керек
Назарбаев Университетіндегі Тау-кен ісі және геоғылымдар мектебінің тағдыры алаңдата бастады. Әңгіме жай ғана факультеттерді біріктіруде емес. Бұл шешім ел экономикасының тірек саласына тікелей әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 22 Желтоқсан, 2025
Жоғары жалақы байлықтың көрсеткіші ме?
Көп адам байлықты ай сайынғы табыспен өлшейді. Бірақ инвестор Аман Әлімбаев бұған басқаша қарайды. Оның айтуынша, шынайы байлық табыста емес, активтерде жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары тұрғын үй нарығына қатысты жаңа бағалау ұсынды. Олардың айтуынша, биылғы деректерге қарасақ, нарық баяулаған. Алайда баға күрт төмендейді деу ерте, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік алғалы бері еліміз экономикалық жағдайын да түзеп келеді. Алғашқы жылдардағы ахуал алаңдатқанымен, кейінгі тартылған капитал өндіріске серпін беріп, сапалы жаңғырудың берік тірегіне айналды. Егемен елдің берік ұстындарының бірі – тұрақты экономика, тұрлаулы өсім. 90-жылдары бұған қол жеткізу оңай болмады. Алайда экономикамыз жылдан-жылға еңсесін тіктеп, әлемдік бәсекеге икемделіп келеді.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Кейінгі айларда ел ішінде сауда-саттық қайта қыза бастады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы 11 айда бөлшек сауда көлемі 22,9 трлн теңгеге жеткен.
Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025
Балық шаруашылығының бәсі қандай?
Кейінгі жылдары елімізде балық шаруашылығы нақты құрылымдық өзгерістер кезеңіне енді. Бұрын тек табиғи балық шаруашылығына сүйенген нарық қазір біртіндеп акваөсіруге ауысып, өңдеу қуатын күшейте бастаған.
Қаржы • 10 Желтоқсан, 2025
Несиені төлей алмасам, не болады?
Заңгер Рауан ЕСБЕРГЕН жауабы: – Несие алып, төлей алмай қиналып жүрген адам өте көп. Бірі жұмыссыз қалса, бірі сырқаттанып, шығынға батады. Күтпеген жағдайда табысынан айырылатындар да бар. Бірақ бәрінің көкейінде бір ғана сұрақ маздап тұрады: «Кредит төленбей қалса не болады?». Осыны ашық ұғынып алмаса, он есе қатты уайымдайды. Сондықтан толық түсіндіріп берейін.
Экономика • 29 Қараша, 2025
Инфрақұрылым игілігі мен экологиялық жауапкершілік
Кейінгі жылдары еліміздің экономика мен экологиялық саясатында жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл – мемлекетке артық салмақ салмай, өз табысын өзі тауып, соны қайта халық игілігіне бағыттайтын жаңа модель. Мысалы, бір жағынан ақылы жолдар қозғалысты қауіпсіз әрі сапалы ету арқылы өз-өзін қаржыландыратын жүйеге айналса, екінші жағынан, «Жасыл даму» компаниясы табиғатты қорғау, экологиялық қатерлерді жою әрі өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бағытында ірі жобаларды іске асырып отыр.