Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
134 материал табылды

Әлем • 26 Наурыз, 2024

Ғалам ғажайыптары

Демократия деп осыны айт Жапонияда «Нарита» деген әуежай бар. Салынып, жұмыс істеп жатқанына биыл – 46 жыл. Сол әуе­жай­дың тура жанында жалғыз үй тұрады. Олар­дың әуежай маңында жекеменшік жері бар, сонда егін салады. Үкімет 46 жылдан бері сол отбасыны көшіре алмай, жағдайына қарай ыңғайланып жүр.

Таным • 26 Наурыз, 2024

Алтыншы сезім

Қаншама адамның қаншама шеші­мінің артында «түйсік» жатыр. Тіпті Альберт Эйнштейн 1929 жылы «Saturday Evening Post» газетіне берген сұхбатында «Мен түйсік пен ша­бытқа ғана сенемін. Кейде жай ғана шешімімнің дұрыс екенін сезе­мін. Ал өзімнің кім екенімді білмей­мін» деген еді. Ал психотерапевт Эрик Берннің айтуынша, түйсік – мекені белгісіз жерден келген кез­дейсоқ білім. Түбірі бәймәлім түйсік туралы ғалым­дар не дейді?

Технология • 22 Наурыз, 2024

Ғалам ғажайыптары

Гуманоид робот Жақында Figure AI адамдармен толыққанды байланыс орната алатын гуманоидты робот шығарды. Таң қаларлығы – ол адамдармен терең әңгімелесіп, әрекетіне түсініктеме бере ала­ды. Жады да мықты. Тіпті келесі қадамды жоспарлауды, есте­ліктерді сақтауды және дәлелмен сөйлеуді біледі.  

Сұхбат • 22 Наурыз, 2024

Олжас СҮЛЕЙМЕН, QazGPT авторы: Жасанды интеллектіні тезірек меңгеруге мүдделіміз

Жасанды интелектінің жаһанды жаулағаны әмбеге аян. Тіпті «Кім жасанды интеллектіні игерсе, сол әлемді билейді» деген тәмсіл де бар. Сәт сайын алдыңнан шығатын цифрлық саладағы жаңалықтарды естігенде, сеніп те қаласың. Ең алғаш бұл термин Америкадағы Массачусетс технологиялық институтында қолданылған. Солай 1960 жылдан бері ақырын-ақырын ғылымға қадам басып, қазір өмірімізге дендеп енді. Қалың қарашаны бір үркітіп, терең ойға мың сүңгітіп жүрген жасанды интеллект туралы қазақ тіліндегі көпшілікке арналған тұңғыш қолданба QazGPT-дің авторы Олжас Сүлейменмен әңгімелескен едік.

Қоғам • 21 Наурыз, 2024

Электронды құндылық

Технология дамып, уақыт зымырап өтіп жатыр. Құдды дүниенің бәрі өзгеріп жатқандай. Десе де замана жаңғырса да дәуірі өтпейтін дүниелер болады. Олар керісінше құндылыққа айналып, ұлттық код деңгейіне көтеріледі. Осы ұлттық құндылықтарымызға цифрлық саланың қалай әсер еткенін бағамдау мақсатында аз-кем шолу жасадық.

Таным • 19 Наурыз, 2024

Жамевю

Сіз дежавюдің не екенін біле­сіз. Ол кезде бұрын-соң­ды бол­маған оқиға болған секілді, бірінші рет келіп тұр­ған же­ріңізге бұрын келген секілді сезімде боласыз. Ең қызығы, осыған қарама-қарсы «жамевю» деген де бар екен.

Университет • 19 Наурыз, 2024

Магистранттар Қытайда оқиды

C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 30-дан аса түлегі Қытай жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура және постдокторантура бағдарламасы бойынша білім алады. Сөйтіп, оларға екі университеттің дипломы беріледі.

Білім • 18 Наурыз, 2024

Академиялық адалдық

Астанада жоғары білім саласына қатысты академиялық адалдық туралы семинар өтті. Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасы білім сапасын арттыру үшін бірқатар іс атқарып жүр. Соның бірі – «Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар.

Білім • 14 Наурыз, 2024

Білім саласы – бақылауда

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласы мен Ақ­мола облысындағы білім ошақтарын ара­лап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйым­дарының жұмы­сы­мен танысты.

Еңбек • 14 Наурыз, 2024

Алып ұшақты тізгіндеген

Біржан Талғатбек – әлемдегі ең үлкен лайнердің бірін басқарады. Ойлап қарасаң, оның қолында бір уақытта 600 адамның тағдыры тұрады. Ал ең қызығы, ол ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл оқыған.