Теңге • Бүгін, 09:15
Қағаз ақшадан цифрлық теңгеге дейін
Ұлттық валютаның эволюциясы көз алдымызда өтіп келеді. Ақша бұрын қалтада жүретін, кейін картаға көшті. Енді тіпті код түріндегі қаржы дегенге әуелгідей таңырқамайтын болдық. Өйткені цифрлық теңге сынақтан өтіп жатыр, криптовалюта мен стейблкоин қолданысқа еніп келеді. Осылайша, қаржының жаңа дәуірі есік қағып тұр. Еліміз осы өзгерістердің бел ортасында жүр десек, артық айтқандық емес.
Экономика • Кеше
Табыс теңсіздігі тереңдеп бара ма?
Елімізде табыс деңгейіне байланысты әлеуметтік жіктелу үдерісі тереңдей түскені байқалады. Жоғары табыс табатындар мен күнкөріске қажетті ең төменгі кіріспен өмір сүріп жүрген азаматтардың арасындағы айырмашылық жылдан-жылға алшақтап барады. Бұл үрдіс халықтың әлеуметтік құрылымына, әсіресе орта таптың әлсіреуіне айтарлықтай әсер етіп отырса керек.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Өмірді сақтандыру: қамданған қапы қалмайды
«Сақтықта қорлық жоқ». Бұл тәмсіл тұрмыстық қауіпсіздікке ғана емес, қаржылық тұрақтылыққа да тікелей қатысты. Соның ішінде өмірді сақтандыру мәселесі – бүгінде жиі көтеріліп жүрген, алайда әлі де көпшілікке түсініксіздеу тақырыптардың бірі. Өмірді сақтандыру кімге қажет? Оның пайдасы қандай? Қаржылық қауіпсіздік пен жеке қорғаныс тұрғысынан бұл қызметтің маңызы неде?
Білім • 11 Қараша, 2025
Мектепке дейінгі дайындық – маңызды кезең
15 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Президент Іс басқармасы Медицина орталығының «Қарлығаш» балабақшасы тоғыз елден педагогтерді, ғалымдар мен сарапшыларды жинаған маңызды алаңға айналды. Мұнда «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 11 Қараша, 2025
Көлік жүйесін басқарудағы жаңашылдық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда елдегі көлік жүйесін басқарудың жаңа моделі қажет деп баса айтты. Бүгінде елімізде 13 мың километр автожол салынып әрі жөнделіп жатыр. Сондай-ақ Президент Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау уақытын 3-тен 1 бөлікке қысқартатын Сексеуіл – Бейнеу жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды.
Қаржы • 08 Қараша, 2025
Криптовалюта: нені ескеру керек?
«Wise Invest Consulting» крипто компаниясының басшысы Темірлан Нұрахимовтің жауабы:
Экономика • 08 Қараша, 2025
Теңге бағамының қаржы нарығына әсері
Қаржы нарығында кейінгі кезде байқалған оң өзгерістердің бірі – ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамының нығаюы. Қаржы сарапшылары бұған қатысты әртүрлі болжам жасайды, бірі Ұлттық банктің тиімді әрекеті десе, енді бірі бұл уақытша құбылыс екенін айтады. Қалай дегенмен теңге бағамы базардағы бағаға әсер ететіндіктен, қарапайым халық та ұлттық валютаның жағдайына бейжай қарамайтыны анық.
Саясат • 07 Қараша, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында абаттандыру мен мұнай-газ саласын дамыту туралы Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Сондай-ақ индустриялық және әлеуметтік бірқатар инфрақұрылым нысанын аралады.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған отандық делегация Қатар астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму туралы екінші дүниежүзілік саммитке қатысты.