Саясат • Бүгін, 08:53

Инвестиция тартуда ілгерілеу бар

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібіне қатысты бірнеше маңызды кездесу өткізді. Бұл кездесулердің бәрі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау, яғни елге инвестиция тарту, өндірісті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қарапайым тілмен айтсақ, әңгіме зауыт, жұмыс орны, экспорт және ұзақмерзімді серіктестік туралы болды.

Инвестиция тартуда ілгерілеу бар

Алдымен Премьер-ми­нистр «Қазақстандық Шетел­дік инвес­торлар кеңесі» қауым­дастығының басқарма төрағасы Ерлан Досым­беков­пен жүздесті. Бұл кездесуде шетелдік инвесторлармен қарым-қатынас қалай жүріп жатқаны, олармен ашық әрі сенімді диалогті қалай күшейтуге болатыны сөз болды. Негізгі назар ел үшін ма­ңыз­­ды инфрақұрылымдық жобаларға аударылды. Яғни жол, өндіріс, үл­кен нысандар сияқты ұзақ уақыт­қа жұмыс істейтін жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды. Соны­мен қатар алда өтетін Шетелдік ин­вес­торлар кеңесінің 38-жалпы оты­рысына дайындық барысы да назардан тыс қалған жоқ.

Келесі кездесу «Alstom Kazakhstan» ком­паниясының басшы­лы­­ғы­мен өтті. Премьер-министр Жером Бойемен теміржол машинасын жасау са­ласының болаша­ғын талқы­ла­ды. Әңгіме негізінен «Электровоз құрастыру зауытының» жұмысына арналды. Қазір бұл зауытта өндірісті жер­гілікті жерде жасау үлесі айтар­лықтай артқан. Бұрын тек 10% ғана елімізде жасалса, қазір бұл көрсеткіш 35%-ға жеткен. Бұл дегеніміз, бөл­шек­тер мен жұмыстардың көбі ел ішін­де атқарылады, ал бұл өз кезегін­де жұмыс орны мен тәжірибенің көбеюіне әсер етеді. Сонымен бірге дайын өнімді шетелге экспорттау мүмкіндіктері де талқыланды.

Үшінші маңызды кездесу фармацевтика саласына қатысты өтті. Премьер-министр «Polpharma Santo» компаниясының бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті. Бұл жерде сөз «Химфарм» АҚ база­сын­да жүзеге асып жатқан инвести­ция­лық жоба туралы болды. Компа­ния елде дәрі жасауға қажетті негізгі шикі­зат саналатын белсенді фармацев­тикалық ингредиенттердің 80-нен астам түрін шығаруды жоспарлап отыр. Мұның мәні – үлкен. Яғни ел дәрі-дәрмекті сырттан ғана алмай, өз ішінде көбірек өндіре бастайды.

«Polpharma Group» компаниясы ел экономикасына 130 млн доллардан астам инвестиция салған. Соның нәтижесінде, 800-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Компанияның портфелінде әртүрлі ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа кіретін 280-нен астам балама дәрі бар.

Олжас Бектенов салалық ми­нистр­­л­іктер мен жауапты ұйым­дар­ға инвесторлар көтерген мәселе­лер мен ұсыныстарды мұқият қарап, пы­сық­тауды тапсырды. Айтыл­­­ған сөз жерде қалмай, нақты жұ­­мысқа айна­луы керек деген талап қо­йылды. Жал­пы, бұл кездесу­лер­дің мәні бір. Үкі­мет инвесторларды тыңдап отыр, өн­дірісті дамытуға мүдделі және шет­елдік компаниялармен әріптес­тікті нақты іспен нығайтуды көздейді. 

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35