Аймақтар • 25 Ақпан, 2024
Талдықорғанда облыс әкімдігінің бастамасымен қолжетімді үшінші дүкен ашылды. Кең әрі жайлы сауда орнында облыстың тұрақтандыру қорының және «кері схемамен» жұмыс істейтін өндірушілердің тауары 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылады.
Қоғам • 25 Ақпан, 2024
Жақында жетісулық бір топ қаламгердің баспадан жаңа шыққан кітаптары Алматыдағы Ұлттық кітапханаға тарту етілді. «Жетісу: кітап керуені» жобасы аясында ұйымдасқан кешке біз де куә болдық.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Үшемдерді дүниеге әкелген Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны көпбалалы ана атанды. Бұл – Жетісу облысы құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Жас отбасы көптен күткен балаларына «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы қол жеткізген. Жаңа жылдан кейін дүние есігін ашқан періштелер шала туғандықтан дәрігерлер жайдарман жаңалықты көпшіліктен жасырған. Қазір сәбилердің жағдайы жақсы.
Өнер • 20 Ақпан, 2024
Құрылғанына 3 жыл толған жетісулық «Janr» әдеби клубы көрермендерін қуантып келеді. Бүгінде 45 мүшесі бар. Жыл сайын әртүрлі рухани жобаға мұрындық болып, өңірдің әдеби һәм мәдени өмірін жандандырып жатыр. Жақында «Жырла, жүрек! Әуеле, ән!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырып, елдің ерекше қошеметіне ие болды.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Жетісуда газ турбина стансасы салынады
Жетісуды толық газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Әсіресе облыс орталығынан алыста орналасқан ауылдарды жылумен қамту маңызды. Осы ретте Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбина стансасын салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд теңге қаражатын құймақшы.
Өндіріс • 19 Ақпан, 2024
Талдықорғанда тұрмыстық химия өндіретін шағын зауыт іске қосылды. Тәулігіне 10 тонна өнім шығару мүмкіндігі бар цех қаланы күнделікті тұрмысқа қажет сұйық ұнтақтармен толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Кәсіпкер бұл бизнесіне 50 млн теңге инвестиция салған. Қазір шағын кәсіпорынның жұмысын Қытай мамандарымен бірлесе жандандырып жатыр. Ендігі мақсаты – өнімдерді үлкен нарыққа шығару.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Талдықорған театрында кезекті премьера
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының кезекті премьерасы көрерменге жол тартпақ. 22-23 ақпан күндері жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы театрсүйер қауымға ұсынылады.
Көрме • 18 Ақпан, 2024
Жаркенттегі Ә.Қастеевтің көркемсурет галереясында белгілі суретші, әбілхантанушы Мәмет Иманбаевтың «Атамұра» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Рухани іс-шарада көрерменге қазақтан шыққан тұңғыш қылқалам шеберінің балалық шағынан сыр тартқан картиналар ұсынылды.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуын тапсырған еді. Сол арқылы елдің мұң-мұқтажы анық көрінетіні аян. Осы ретте шаһар басшысы Ернат Бәзіл Талдықорғанды қоғамдық көлікпен аралап, жұрттың тілегін тыңдады. Жетісулықтар өзімен еркін тілдескен қала әкімінің қарапайымдылығына риза болды.
Денсаулық • 13 Ақпан, 2024
Жетісулықтар әр аптаның аяғында «Жастар» және «Жеңіс» саябақтарына келіп, сенбілік спорттық іс-шараларға қатыса алады. Дене қыздырудан бастап түрлі қозғалысқа арналған жаттығулар жасайды. Белсенді қатысқандарға ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат та қарастырылған.