Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1159 материал табылды

Тағзым • 07 Қараша, 2023

Елтұтқа Ескелді би

Биікке өлшем беру үшін билердің сөзіне жүгінетін қазақтың бабаға деген құрметі баланың әкеге деген махаббатындай. Ақ сауытын асынып, бабалар аруағына сүйеніп, ата жауын тықсырған даналарымыздың рухы өр, ойы дария. Ғасыр аунаса да бозжусан бейнесінің бояуы жұқармай, атар таңның қызылсаң сәулесіндей қайта бой көтеріп, болашақтың жүзіне нұрын шашып тұратыны содан-ау, сірә. Ендеше, Жетісу жұртының елі сүйген Ескелді бидің 330 жылдық мерейтойын тойлауының себебі арыда жатқанын осыдан-ақ аңғара беріңіз.

Өндіріс • 07 Қараша, 2023

«Hyundai» «Қорғаста» құрастырылады

Қорғас – Орталық Азияның ең үлкен қақпасы. Оның игілігін елдің экономикалық культіне айналдыруға болады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында да тәптіштеп түсіндірген еді. Демек ел шекарасында орналасқан арнайы экономикалық аймақтар қызметін жандандыру шарт. Осы мақсатта «Қорғаста» «Hyundai» автокөліктерін құрастыратын зауыт салынады.

Сайлау • 06 Қараша, 2023

Өзге этнос өкілдері де жаппай атсалысты

Жетісуда аудан әкімдерінің сайлауына халық жұмыла кірісті. Таң бозынан сайлау учаскесіне кезекке тұрған тұрғындардың саны да көп. Кербұлақ пен Сарқан ауданында сайлауға отбасымен келіп дауыс бергендер де болды. Қарапайым халық ел үшін маңызды оқиғада белсенділік көрсетті.

Аймақтар • 03 Қараша, 2023

Ауыз суға сусаған Сарыөзек

Елу жылдан бері су мәселесімен күресіп келе жатқан Сарыөзектің жайы қыс бастала қалыңдай түседі. Жыл басында су құбырлары жарылып, елдің әбігерге түскені әлі есте. Халық ішінде биыл сол ахуал қайталана ма деген қауіп бар. Орталықтандырылған су жүйесі бар үлкен ауыл аудан орталығы болғанымен, инфрақұрылымы жөнге қойылмаған. Әкімдіктің алысып келе жатқанына ондаған жыл болса да, ауыз су мәселесі ырық берер емес.

Ауыл • 02 Қараша, 2023

Әлеуеті артқан ауыл мектебі

Ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру үшін Жетісуда түрлі жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен, Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы орта мектебі заманауи оқу құралдарымен жабдықталды. Бұл игілікті іске «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы ұйытқы болған. Енді ауыл оқушылары ғылымның табалдырығын еркін аттайды.

Білім • 02 Қараша, 2023

Жетісуда білім деңгейі неге төмен?

Осы сауалға жауап табу қиын болып тұр. Сала мамандары білік­ті кадр­­дың аздығын алға тартса, қара­­пайым халық ұстаздардың дең­гейіне күмәнмен қарайды. Жә, жаңа өңір, жұмыс оңалады дейміз-ау, әйткенмен жемқорлықтың ордасына айналған саланың ел ішінде қадірі кетіп барады. Мәселен, облыстағы мектептердің дені заман талабына сай емес. Тіпті ин­тернетсіз отырған ауылдар да бар.

Аймақтар • 01 Қараша, 2023

Берекесі кеткен «Береке» қалашығы

Талдықорғанның кіреберісіне салынған «Береке» коттедж қалашығының мәселесі көп болып тұр. Құрылысы 2014 жылы басталған қалашықты салу үшін 8 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы бөлінген. Сөйтіп көп балалы аналарға арнап мемлекет тапсырмасымен арнайы зәулім үйлердің іргесі көтерілген еді. Әйткенмен жеме-жемге келгенде баспаналар шенеуніктердің туған-туыстарына таратылып, тіпті сапасы сын көтермейтіні әшкере болды.

Аймақтар • 01 Қараша, 2023

Жаттығамын десең, спорт кешеніне бар

Енді Жетісуда мұз айдыны бар. Қысқы спортқа көңілі құш­тар жастар қалағанынша облыс орталығында мұз үстінде сыр­ғанауға болады. Одан бөлек, өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін, әсіресе, ауылдық жерлерде ілгерілету мақсатында 3 спорт кешені іске қосылды. Оның екеуі Панфилов ауданында болса, біреуі Қараталда есігін ашты.

Құрылыс • 01 Қараша, 2023

Өнеркәсіп қаласының құрылысы басталды

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнер­кә­сіп қа­ласы» ЖШС жобасы «Қорғас-Шығыс қақ­пасы» АЭА аумағында қазу жұмыстарын бас­тады. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құры­лыстың бірінші ке­зеңін іске асырып жатыр. Оның ішінде ин­­женерлік желілер мен магистральдық көшен­нің құрылысы да бар.

Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Тазалық табалдырықтан басталады

Табиғатты таза ұстау – адамзатқа парыз. Осы қағиданы берік ұстанған жетісулықтар жаппай көшеге шығып «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында экологиялық сенбілік өткізді. Бұл игілікті іс-шарада 2 мың тонна қоқыс шығарылып, 6 500 жас көшет отырғызылды.