Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
154 материал табылды

Экономика • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Ұлттық құрылтайда айтылған ұтымды бастаманың бірі – Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура апаратын жол құрылысы. Мемлекет басшысы жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқар­тады деп, мұны тұтас өңірдің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба деп бағалады.

Еңбек • 04 Сәуір, 2025

Ауылына қамқор азамат

Тақыр даланың тамырына қан жүгіртіп, жайқалтып егін егіп, шалғайдағы Алтынсарин ауылының ажарын кіргізіп отырған даңқты диқан, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князевтің есімі бүгінде ерекше құрметпен аталады.

Жәдігер • 03 Сәуір, 2025

Өлке музейіне – халық әртісінің мұрасы

Арқалық далалық өлке музейінде Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевтың жеке құжаттары тапсырылды. Осыған орай мұражайда шағын жиын өтіп, ұлттық кино, театр өнерінде өшпес белгі қалдырған дарын иесі туралы естеліктер айтылды.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2025

Мал амандығына мән берсек

Өңірде тасқын су қауіп төндіріп тұрған елді мекендерден мал басын алдын ала эвакуациялау жүріп жатыр. Апат ай­тып­ келмейді, былтыр көктемде төтеннен келген телегей су та­лай малды жалмап кеткені белгілі. Өткен күннің ащы са­­бағы биыл Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті ат­қа­­ру­шы билік өкілдерін ертерек қамдануға мәжбүрлеп отыр.

Қоғам • 21 Наурыз, 2025

«Наурыз жұмыскердің» алғашқы пәтері

Жұмысшы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен бірінші болып Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінің инженер-конструкторы Данияр Асанов үйлі болды.

Наурызнама • 21 Наурыз, 2025

Жақсылықтың жаршысы – жарапазан

Ораза айт кезінде Қос­та­най­дың орталық көше­ле­рінде, театр, музей, сауда орындары сияқты көпшілік орындарда жарапазан айтылып жүр. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық киім киіп, үкілі домбыра ұстаған кілең әнші жігіттер жарапазанның жан сергітер жағымды әуе­ніне бас­қанда ығы-жығы жұрт ысырылып жол беріп, түрі­ліп тұра қалып сүйсіне тыңдайды.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2025

Қостанай облысында төрт түлікті эвакуациялау жүріп жатыр

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде ауылшаруашылық шығындарының алдын алу және төрт түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау орындарының картасы әзірленді.

Шаруашылық • 19 Наурыз, 2025

Балық шаруашылығының әлеуеті қандай?

Өңірде табиғи суқоймаларын тұрақты табыс көзіне айналдырып отырған жетпіс шақты шаруа қожалығы бар. Көл қорып, ау құрған кәсіпкерлердің дені негізінен сазан, шортан, алабұға, табан өсіреді.

Тарих • 18 Наурыз, 2025

Қазақ мектептерінің тағдыр-талайы

Тың игеру науқаны басталғанға дейін Ресей қазақтары балаларын ұлттық мектепте өз ана тілінде оқытқанын біреу білсе, біреу білмес. Мысалы, 2005 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Орынбор қазақтары: тарих және қазіргі заман» деп аталатын жинақта қазақ мектептерінің тағдыр-талайы туралы аз-мұз дерек кездеседі.

Төтенше жағдай • 18 Наурыз, 2025

57 елді мекенге қауіп бар

Өткен жылы Тобыл өңіріндегі Қарасу, Қостанай аудандарында жарияланған төтенше жағдай режімі күшін әлі жойған жоқ. Облыстық ТЖД мәліметін­ше, биыл көктемде тағы 57 елді мекенге тасқын судан қауіп бар.