Аймақтар • Кеше

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында Қостанай облысындағы №38 түзеу мекемесінің жанынан екі бірдей модульдік өндірістік ғимарат ашылды.

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Облыс әкімдігінің қолдауымен іске асырылған ауқымды жоба аталған мекеменің материалдық-техникалық әлеуетін арттыруды, сондай-ақ сот­тал­ғандарды еңбекке, қоғамға қай­та бейімдеуді көздейді. Өндіріс ғима­раттарының ашылу рәсіміне мәс­лихат депутаттары, қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері, ҚАЖ арда­гер­лері, сала қызметкерлері, серік­тес кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Жалпы аумағы 900 шаршы метр болатын жаңа нысандарға ДМП панель, жиһаз, төсемтас, биг-бэг қап, жеңіл құрылыс панельдерін өндіретін, сондай-ақ фин технологиясы бойынша құрастырмалы үй жасап шығаратын кәсіпорындар орналасады. Қос ғима­раттағы өндіріс орындары, кем дегенде, 150 сотталған адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау жүйе­сін жаңғырту және соттал­ған­дар­ды еңбекпен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында ашылған жаңа өндіріс орындары сотталған аза­мат­­­тардың кәсіби дағдысын қалып­тас­тыруға, әлеуметтік бейім­делуіне және бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады», дейді түзеу мекемесінің басшылары.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар